Мақсаты: Металдардың халық арасында ежелден қолданып келгеніне, қолдану аясының кеңдігіне көз жеткізу, халық ауыз әдебиетімен байланыстыру, металдардың физикалық қасиеттері туралы оқушылардың білім- дағдыларын дамыту, тез ойлануға, алғырлыққа баулу:
Сабақтың түрі: сайыс-сабақ
Сабақтың әдісі: топтық
Пәнаралық байланыс: биология, география, тарих, халық педагогикасы;
Көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд)
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. әр топта 6 оқушыдан.
1, Мақсатымен таныстыру;
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Отанымыздың саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елді әлемге танытарымыз анық.
Химия ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға кәзіргі жол басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған,
Ашылды табиғаттың жасырыны-
дей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сабақтың жоспары:
І. Салем- сөздің анасы (таныстыру)
ІІ.Білімді мыңды жығады (сұрақтар)
ІІІ. Ойлан тап! (мақал-мәтелдер)
ІҮ. Химияны болжаммен ұға алмайсың (химиялық тәжірбиелер)
Ү.”Құпия сөздің құлпын аш” (жұмбақтар)
І. Салем- сөздің анасы (таныстыру) (5 ұпай)
«Кальций » тобы:
Жалынды салем «Мыс» тобына
Жолдапсыз тілек көршілеріңізге.
Білімді сарапқа сап, сайысайық,
Ұпайды көп алайық біз де, сіз де!
«Мыс» тобы
Салем сізге, «Кальций » тобы
Зарядың оң, ісің оң,
Жеңіске жолдайды тілек көршіңіз «Мыс».
ІІ. .Білімді мыңды жығады (сұрақтар) (әр жауапқа 2 балдан)
«Кальций » тобына:
1.Жер бетінде ең көп тараған металл? (Алюминий)
2. Ең жеңіл металл? (Литий)
3. Түркістандағы Тайқазанға сипаттама бер. (Қ.Ахмет кесенесінің негізгі орталығы, құдіреті ол-тайқазан. Тайқазан – ішіне мың литр сұйықтық сиятын салмағы 2 тонна, биіктігі тұғырымен бірге 2,62 метр, диаметрі 2,45 метр жеті түрлі металдан жасалған алып қазан. Құрамында алтын, күміс, қызыл мыс, мырыш, темір, қорғасын, қалайы бар. Оны сол себепті қола қазан деп те атайды. Ежелгі дәстүр бойынша «қазан-жеті ырыстын бірі» деп саналған. «Тайқазан» деп аталу себебі ішіне тай тұтас асуға болады деген мағынаны білдіреді. Құрамы жеті дәмнен тұратын «Наурыз көже» осындай қазанда әзірленәп, жұртшылыққа таратылған. Оның мәні елдің бірлік, ниет, тілек, мерей, мереке үмітін білдірген. )
4.Ертеден белгілі 7 металды атаңыз. (алтын, күміс, темір, сынап, мыс, қалайы, қорғасын.)
5.Пышақпен кесуге болатын металдар?(сілтілік металдар)
6. Электр шамының құрамында қанша металл бар, оларды атаңдар? (вольфрам, темір, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын)
7. Адам организмінде сүйекте, тіс эмалінде, қанда 1кг-ға дейін болатын металл? (кальций)
8.мыс пен мырыштан тұратын құйма? (жез)
«Мыс» тобына:
1.Ең оңай балқитын металл? (цезий, 280С)
2.Ең ауыр металл? (осмий)
3. Мына минералдар қай металдың кендері: пирит, магнетит, гематит, лимонит? (темір)
4. «патша сұйықтығы» ғана еріте алатын бекзат металл? (алтын)
5. Қоланың құрамында қандай металдар бар? ( Мыс, қалайы)
6.Адам ағзасының жүйке жүйесінде, жүректе болатын металл? (магний)
7. Есік қаласында табылған «Алтын адам туралы не білесіңдер? ( «Алтын адам» -Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері «б.з.д Үғ) Оның киімі 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безенділілген. Оның ішінде барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі. Бас жағындағы алтын сырға асыл тастармен әрленген. Бас киімі моншақша келген үшкірлеу, мойнында алтын әшекей, жағасы мен жеңінде алтын салпыншақтар бар. Қолында 2 алтын жүзік. Оң жақ қапталында ұзын алтын жалатқан қылыш, сол жағында темір қанжар. Саптама етігі де алтыннан жасалған әшекейлермен көмкерілген.)
8. Метеорит немесе «аспан тасы» деп аталатын металл? (темір)
ІІІ. Ойлан тап! (мақал-мәтелдер) (әр дұрыс жауап 5 балмен бағаланады)
1.Өлең- ..., сөз- ....
2. Қойдың сүті - .....
3.Өнерлінің қолы-алтын, .....
4. От көмір жейді, ....
5. Ақыл арымас, ......
«Мыс» тобына:
1.Пәлен жерде алтын бар, барсаң ......
2. Ағаш кессең ұзын кес- қысқартуы оңай, ....
3. ..... алма, білім ал.
4. .... қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
5. Отқа салып ерітсең де,
алтын сірә .... болмас.
Аяққа шылғау қылсаң да,
Асыл жібек бөз болмас.
ІҮ. Химияны болжаммен ұға алмайсың (химиялық тәжірбиелер) (10 ұпай)
«Үй тапсырмасы»
1-топ «Тау қопарылысы»,
2-топ «жанбайтын орамал» қызықты тәжірбиелерін көрсетеді.
Ү.”Құпия сөздің құлпын аш”(жұмбақтар), (әр дұрыс жауап 5 балмен бағаланады)
Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,
Ол болмаса келіспейді,жетіспейді күйіміз.
Ішсек дәрі,тірі ағзада құбылыс
Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға деп сайысымыздың соңғы кезеңіне кезек береміз.
1.Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен? (Темір)
2. Сұрғылт түсті кәдімгі металмын,
Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын.
Негізгі пәтерім 24-ші, 6-шы көшеде болса да,
Кендерім Мұғалжарда, тауда жатамын. (хром)
3. Өзі жылтыр күмістей,
Жұмсақтығы тағы бар.
Жеңілдігін ескерсең,
Пайдаланар жері табылар. (Алюминий)
4. Ертеден белгілі жетеудің бірімін,
Электротехника саласында іріміін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтынмен бірге жүремін. (Мыс)
5. Менделеев көшесінің 6-шы көшесінде тұрағым,
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын.
Мені балқыта алмай қиналды көбісі,
Қазақстан әлемде, кенім жөнінен бірінші. (Вольфрам)
6. Күміс түсті металмын,
ақ бор, әктас, ғанышпын.
Тіршілікке қажет металл атандым.
Жер қыртысында мен кездесем,
Артық болмас жер металы мен десем. (Кальций)
Заман қанша қиын –қыстау болса да,
Игі істер болып жатыр қаншама.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,
Жүлдегерді танытпасақ бола ма? дей отырып, сайысымызды аяқтап, әділ-қазы алқасынан қорытындысын шығаруды сұраймыз.
Пəн мұғалімдерге көмек. Өте жақсы
өте жақсы құрылған
Рахмет .
Сыныптан тыс іс-шараңыз құнды екен.
Рахмет.