kz ru en

Авторизация


"Металдар" тарауына арналған қосымша тапсырмалар

ТАПСЫРМАЛАР

Кальций. Кальцийдің косылыстары.

1- тапсырма

1808 жылы ағылшын химигі Хэмфри Дэви ашты. Қосылыстарында +2 тотығу дәрежесін және ІІ валенттілік көрсетеді. Бұлщық ет жұмысына қажет фермент қызметі мен қан ұю жүйесі үшін . Ол кейбір фермент жұмысын жеделдетеді, адам және мал сүйектері мен тістері құрамына кіреді. Адам және мал азығында  мөлшері жетіспесе, мал рахит ауруына шалдығады, жүрек жұмысы әлсірейді,қанның сапасы кемиді. Минералдарының қоры Қаратау өнірінде.Мәрмәрдің,бордың,әктастың негізгі құраушысы.  

Cұрақ: Бұл қай элемент?  Бұл элемент жайында не білеміз?

 2-тапсырма Осы элементті тұрмыстық жағдайда пайдаланғанда Ca + 2 H O = Ca (OH) 2 +H 2 реакция барысында нені байқауға болады?

Сұрақ:  Тұрмыстық жағдайда Ca (OH)2  қандай зат алуға болады?

3- тапсырма. Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Иә»немесе «жоқ»деп айналдыра сызыңыз.

Кальций атомының пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?

Иә \Жоқ

Кальций сирек кездесетін металдар алуда тотықсыздандырғыш

Иә \Жоқ

Парфюмериалар,опалар мен тіс пасталарының құрамында қолданады.

Иә \Жоқ

Ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді.

Иә \Жоқ

 

Маңызды  макроэлементтер

Адам ағзасында минералдық зат- калий. Ол жүректің жұмысын, қанайналымын жақсартады,асқазан мен ішектердің қызметіне де өте қажет және ағзадағы  барлық зат алмасу үшін тікелей қатынасы бар. Натрий мен калий ерітінділері ағзаның кез-келген жасушасының құрамында белгілі бір мөлшерде болады. Натрий мен калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен импульстардың жақсы жүруін реттейді.

Жүректің қалыпты жұмысы үшін калийдің қандағы белгілі концентрациясы (3,5—5,0 ммоль/л). Ағзаға калий  өсімдік тектес тағамдармен түседі, оның тәуліктік мөлшері 2-3грамм.

Сұрақ№1: Серік салауатты өмір салтын қолдайды. Күнде танертең парк бойымен жүгіреді. Жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды.  Тамақтану режимін де қалыпты сақтайды: тек ет, жұмыртқа, май  жейді және ірімшіктің әр түрін  жақсы көреді. Ол 25 жасқа толғанда  жоспарлы медициналық  қаралудан өтті. Бірақ оның талдау нәтижелері оның дәрігеріне ұнамады.

Қанның биохимиялық талдау нәтижесі

Аты: Серік

Фамилиясы: Смайлов

Жасы : 25жас

Калий: 3 ммоль/л

Неліктен Серікте калийдің мөлшері деңгейден төмен? Дәрігер оған қандай кеңес берер еді?

___________________________________________________________________________________________________

Сұрақ№2:

Серік дәрігердің кеңесін толықтай назарына алды. Бір жыл бойын ай сайын талдау тапсырып тұрды.

Қанның биохимиялық талдау нәтижесі:

ай

Калий мөлшері

Сұрақ№3. Серік өзінің денсаулығын толықтай қалыпқа келтірді ме?  Жауаптарыңызды дәлелдеңіз.  _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  «Мырыш»

Ол — ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы мырыш.

Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады.

Адам ағзасына тәуліктік  түсу мөлшері 15 мг/күн, ал күнделікті қажетті мөлшері 50 мг/тәулік.

5 мг / тәулігіне органының мырыш алған оңтайлы қарқындылығы, күнделікті талап 50 мг/күн. Мырыш жетіспеушілігі - егер ағзаға жеткіліксіз (1 мг / күн немесе одан кем) қабылдау , және уыттылығы 600 мг/күн орын алуы мүмкін. Мырыштың 99 % ағзаға азық-түліктен келеді.  Әсіресе  сиыр бауыры, ұлу (устрица) ( 100 г 400 мг ) , бидай өсіндісінде мырыш көп.  Ағзаға мырыш жақсы сіңіру үшін А және B6 қажет. Мыс , марганец, темір және кальций мырыштың сіңуін тежейді . Ересек адамның денесінде  3 г /70кг бар. Мырышты барлық органдар мен ұлпалардан табуға болады :

бұлшықет     сүйек             тырнақ             Бауыр        шаш

1кг /240 мг   1кг /170 мг   1кг /300  мг    1кг /150 мг  1кг/400 мг

Күн сайын  мырыш шамамен 11 мг ағзадан  шығарылады, оның 5% несеппен шығарылады. Медицинада  құрамында мырыш бар препартат мырыш сульфаты - мырыш тапшылығын, тері ауруларын, шаш, тырнақ ауруларын,  бауыр циррозын, және жарақаттарды емдеу үшін пайдаланылады. Препарат  карбонатпен, фосфаттар , сульфитпен  аллергиялық үйлесімді емес - ерімейтін мырыш тұздары түзіледі;

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Ағзаға қанша миллиграмм мырыш түсетінін есептеңдер;

а) азық-түлікпен; б) басқа да кіріс көздерінен (мысалы, ауамен т.б).

2.Қанша моль мырыш азық-түліктен адам ағзасына түседі ?

3.адам органдары мен тiнiне табылатын мырыштың пайызын есептеңіз және кестеде нәтижесін жазыңыз.

4)Ағзадағы мырыштың қажетті мөлшерін толтыру үшін күнделікті қанша грамм ұлу (устрица) жеу керектігін есептеңіз.

5)Мырыш ионының электрондық формуласын жазыңыз.

6)Мырышы бар препараттарды қалай       дұрыс қабылдауға болады? Мырыш бар препараттарды қолдану бойынша нұсқаулар жазыңдар. Мұндай нұсқауды жазбас бұрын дайындаманы пайдаланыңыз.

 «Мыс».

Адам ағзасында мыстың орташа: 150 мг/70 кг. Денеге мыс  негізінен  азық-түліктен түседі. Кейбір көкөністер мен жемістерде  230 мг  ға дейін мыс бар. Мыс теңіз өнімдерінде, бұршақ тұқымдастарда, қырықжапырақта, картопта және қалақайда көп мөлшерде кездеседі. 100г қиярда 8,4 мг мыс бар. Асқазан-ішек жолдарында мыстың 95% адсорбцияланады. Қанда мыс альбуминмен байланысады (12-17%), аминоқышқылдарымен (10-15%), тасымалдаушы ақуызбен (12-14%) байланысады. Ағзаға мыстың оптималды  қажетті мөлшері  2-3 мг/тәулік. Күнделікті мысты қажет етуі -2 мг.  Құрамында мысы бар  препарат:   Тері фосформен күйіп қалған жағдайда ,  мыс сульфатының 5% ерітіндісімен сулайды. 

 1. Адам ағзасында қанша моль мыс бар  екенін есептеңіз.

2. Байланысатын мыстың массасын есептеңіз: а) альбуминмен; б)  аминқышқылымен; в) тасымалдаушы ақуызбен.

3. Күн сайын ағзадағы мыстың қажетті мөлшерін толтыру үшін қанша  грамм қияр жеу қажет екенін есептеңіз. (23,8г)

4. Минералды суда  темір ионы (Fe3+), алюминий,  хлорид- ионы, иодид- ионы, нитрат- ионы, сульфат- ионы, сульфит –ионы бар деп көрсетілген. Құрамында мыс бар препараттарды қабылдау кезінде кай ион мыстың (Сu+)  болуына кедергі келтіреді және неге?

8
6

Комментарии (8)

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға жақсы тапсырма 

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Дұрыс айтасыз.

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

жақсы тапсырмалар

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

👌👌👌

Ниязбеков Кайрат,
Преподаватель

жақсы

Махамбетова Айнур,
Преподаватель

жақсы

Алданазарова Камила,
Преподаватель

өте жақсы

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Рахмет.