«Лас» алтынды қалай тазалауға болады?
1. Алтын сырға мен сақинаны тұзды суда ұстаса, одан да жақсы жылтырайды.
2. алтыннан жасалған әшекей бұйымдарды тазалап жуу үшін, сабынды суға салып, жайлап тіс пастасмен ысқылау керек.
3.Алтын- жұмсақ металл, оған қаттылық беру үшін мыспен құяды. Әшекей бұйымдар: 583 сынама - 1кг құймада 583 г алтын бар.
«Лас» күмісті қалай тазалауға болады?
Күміс- уақыт өте қара дақпен қапталып, жылтырлығы жойылады. Ауада әрқашан аз мөлшерде күкіртті газдар болады. Күкіртті газ –көмірдің жануы нәтижесінде түзіледі. Алтын онымен әрекеттеспегендіктен, таза және жылтыр күйінде қалады. Ал күміс әрекеттеседі. Күмістің бөлшектері күкіртті газ бөлігімен қосылып, қара түсті-күкіртті күміске айналады. Оны тазартуға болады және күміс қайта жылтырайды.
Ол үшін не істеу қажет?
Алюминий ( не болмаса басқа) ыдысты ал да оған фольга кесінділерін салып, ыдысқа су құйыңыз. Үстіне сода және әшекей бұйымды салыңыз. Осыдан соң қайнату қажет. Әшекей бұйым таза күмістен болуы қажет.
Не байқалу қажет?
Күмістің қара дағы кетіп, жалтырап жаңа қалпына келеді.
Өйткені, сода мен алюминий бөлшектері күмістегі күкіртті «үзіп» әкетеді де, таза күйдегі күміс қалады.
Күміс- Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады.
құнды материал
Маңызды ақпаратыңыз үшін рахмет
Қыз келіншектер үшін құнды материал
Ия келісемін.