Қызықты мәліметтер
Бериллийді ұшақ жасауда қолданады. Қазіргі кезде ұшақ тетіктерінің 80% - ын бериллийден жасайды. Бериллий тотығуға төзімді, қиын балқиды, жеңіл ғарыш ракеталарын жасауға қолданылады. Бериллий әшекей бұйымдарын жасауға ғана емес, өнеркәсіпке керек тамаша сирек металл.
Пирит деген не?”
Пирит” грек тілінен аударғанда ”пир”- от деген мағына білдіреді. Түсінің сары болуына байланысты от түстес.Көне Үндістанда пириттен жасалған амулеттер тағу дәстүрге айналған. Олар крокодилден қорғану үшін пайдаланған.Ертедегі Египеттіктер әдемі жылтырлығы үшін айна жасап, әр түрлі әшекей бұйымдарын жасауға пайдаланған.Орта ғасырларда Еуропалықтар пиритті ”Альпі алмазы” деп атаған. Францияда пириттен әр түрлі әшекей заттарын жасаған. Туфлидің бауларына, білезік, сағаттың корпустарын, зонтиктарға пайдаланған.Ең алғаш Американы зерттеген испандықтар пиритті ”инктер тасы” дер атаған. Үнді көсемдерімен бірге пириттен жасалған заттары қоса жерленген.Пиритті күйдіру арқылы күкірт қышқылын алады.Пириттің әдетте табиғатта кең таралған түрі куб.
Алтынды бәріміз бағалы,құнды тас,байлықты білдіретін асыл ретінде танысақ,олардың емдік қасиеттері барын бірі білсе екіншісі біле бермейді. «Алтын сақина» баланың мойнына тақса эпилепсия ауруы тежеледі,шошынудан сақтайды.
Вольфрам қандай металл? Тұрмыста және өнеркәсіпте оның қандай пайдасы бар?
Қазіргі заманғы техникада таза металл ретінде электротехникада лампалардың жіңішке жіпшелеріне радиоэлектроникада, электронды приборларда катод, анодқа пайдаланады. Кейбір химиялық әрекеттер арқылы лак бояулар алуға, тоқыма, тігін фабрикаларында, органикалық синтезде котализатор ретінде пайдаланады.Вольфрам жер шарында өте аз таралған. Ең ірі жер шарындағы кен орындары Қытай, Бирма, АҚШ, Боливия және Португалияда, Қазақстанда Орталық Қазақстанда Ақшатау, Қайрақты кен орындарын ерекше атап өту керек. Негізгі кен орындары Оралда, Кавказда, Байкал маңында кездеседі.Вольфрам қару-жарақ жасауға, танк броньдарына, самолёт двигатель- дерінің негізгі детальдарын жасауға пайдаланады.Кейінгі жылдары вольфрамға химиялық қоспалар қосу арқылы фосфор-вольфрам гетерополикислота лак алуға, тұрақты түстер алуға пайдаланады. Вольфрамның натриимен қоспасы NaWO маталарға ыстыққа төзімді су өткізбейтін қасиет береді, кадмии және сирек металдар лазер дайындауға пайдаланылады. Вольфрам өзге металдардан қаттылығымен, ауырлығымен , қиын балқығыштығымен ерекшеленеді.Техникалық вольфрам 3410 С балқиды, қайнау температурасы 6690 С Мұндай температура Күннің бетінен табылады.Дүние жүзінде жылына 30 мың тонна вольфрам өндіріледі.
Молибден. Молибден электровакумдық техникада пайдаланады. Металды молибден осы заманғы радиоприемниктарда пайдаланады. Радиолампалар үшін таптырмайтын анод . Молибденді ювелирларда көптеп пайдаланады. Кейде оны бағалы платинаның орнына қабылдайды. Молибденді тұзбен қосып, оның катализаторын тері илеуге, терінің сапасын жақсартуға да пайдаланады.Молибден мен вольфрамның қоспасы тамаша электротехникалық приборлар жасауға кеңінен қолданылады.Молибденнен тамаша пластикалық дискілер даярланады. Молибденнің пайдалану аясы кең. Егер ағзада молибден жетіспесе тіс бұзылады өсімдіктерде тез солып бұзылу процестері жүзеге асады.
Егер темірді 5000 0С қа дейін қыздырса, ол
газтектес күйге айналады.
АЛТЫН:
1 тонна мұхит суында алтын шамамен 7 мг бар.
Ал жалпы мұхит суларында металл салмағы 10 миллиард тоннаны құрайды.
Платина
Испан тілінен аударғанда Platinum - « серебришко» деген сөз. Мұндай немқұрайлылық атауы , өйткені ол оның ең жоғары отқатөзімділігінен практикалық қолдануды өте ұзақ уақыт таба алмады және де платина күмістен әлдеқайда арзан болды. Ал қазір, керісінше, күміс платинадан шамамен 100 есе арзан!
Сынап
Сен білесің бе, сұйық күде кездесетін металл ол сынап қана емес, сонымен қатар бөлме температурасында галлий, цезий және франций де осы күде болады.
Ерте замандағы металдар
Орта ғасырларда тек 7 металл және 7 ғаламшар белгілі болған. Бұл факт алхимиктерді айналып өте алмады, осы металдар тиісті планета сәулелерінің әсерінен Жер қойнауында дүниеге келеді деп есептеді. Металдар мен планеталар сәйкестендірілген кестелер құрылды. Ол былай болған еді: Күн-алтын, Юпитер — қалайы,
Ай — күміс, Марс — темір, Меркурий — сынап, Сатурн -қорғасын, Венера — мыс.
қызықты
өте жақсы
Рахмет.
жақсы
Рахмет.