Бүгін, 11.05.2017ж., біздің мектебіміздің төрінде Павлодар қаласынан аттың басын бұрып, іс-тәжірибемен алмасуға 18 мұғалім келді.
Н.Нұрмақов атындағы ММИ директоры Е.М. Әшім үштілді саясатты жүзеге асыру жолдары жайлы айтты. Заманауи технологиялар арқылы мектебіміздің қалай жетістікке жеткендігі жөнінде тоқталып кетті.
Әдістемелік өнімдер көрмесінде оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсете отырып, осы жылы тер төгіп жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Физика пәнінің мұғалімі Омаров Е.С. 10А сыныбымен Ipad - class та өз ашық сабағын сәтті өткізді. Математика пәнінің мұғалімдері Нипрук Е.В 11В сыныбымен, ал Жалмағанбетова Л.М. 9В сыныбымен "Khan Academy" арқылы өз білімдерін саралап, оқушылармен бөлісті. География пәнінің мұғалімі Жомартова Г.Ж 10В сыныбымен "VR очки 360° камерасы" арқылы оқушылармен қызықты сабақ өткізді. Биология пәнінің мұғалімі Хамзе Н. 8А сыныбымен "Near Pod" бағдарламасының көмегімен зерделі сабақ өткізді, ал Махметов Асхат мырза 9А сыныбымен "Minecraft"ойыны арқылы биология пәнінің қыр-сырын үйретті. Орыс тілі мұғалімі Цемох С.М. 5В сыныбымен "Жобалар технологиясын" қонақтарға ұсынды. Қазақ тілі мұғалімі Әкімбекова Г.З. "Блум таксономиясы" арқылы 8В оқушыларымен 6 деңгейге жетті. Ағылшын тілі мұғалімі Жетписбаева Ж.С. 11А сыныбымен "IELTS" емтиханын практика жүзінде көрермендерге көрсете алды. Информатика пәнінің мұғалімі Мүслим Е. 1 қабат фойесінде "Робототехника" үйірмесінің жетістіктерімен таныстырды.
Сіздерге толағай табыс тілеймін
Коллеги, желаю вам творческих успехов!
Молодцы .
Мектебіміз биік шындардан корінеберсин
Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін!!!
Әріптестер, сіздерге табыс тілеймін!
Успехов, коллеги!
Учителя, успехов ВАМ!
Коллеги, творческих успехов!
Рахмет
өте тамаша.
рахмет.