kz ru en

Авторизация


«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы арқылы зат есімді оқытуда қолданылатын тапсырмалар

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.

Қызығушылықты ояту.

Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтастыру», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің  екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі  INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

«V»              –  білемін,

«–»               –  білмедім, мен үшін түсініксіз,

«+»               –  жаңа білдім, мен үшін жаңалық,

«?»      – мені қызықтырады, зерттеймін белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады.

Сурет арқылы бейнелесек:

 

                                                                                                                жаңа

                                                                                                               ақпарат

Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын, ақылын көрсете, сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

сенімділікпен жұмыс жасау;

бар ынтасымен оқуға берілу;

пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

 

Жаңа сабақтан мәлімет беру                                               Проблемалық баяндау,

                                                                                               ізденушілік, зерттеушілік

                                                                                               әдістері

 пікірталас

ой бөліс

өздігінен шешім қабылдаушылық

топтық жұмыс т.б.

Оқушылар қызметі кез келген проблеманы тез шешуге үйреніп, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.

                                                                         н

                                                                         ә

                                                                         т

                                                                         и

                                                                         ж

                                                                         е

Өздігінен шешім қабылдай алатындай және ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей біле алатындай оқушы тәрбиеленеді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген.             Сын тұрғысынан оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі. Қарым-қатынастар: жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала тұлғасының дамуына өз үлесін қосады.

Бұл жоба 80-ге жуық тапсырмалардан тұрады. Бұдан ары қарай солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.

Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелеріне таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушылардың алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Венн диаграммасы. Бұл әдісті «ой толғаныс кезеңі» – сабақты бекіту кезеңінде қолдануға болады. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

тег: 12345
0
4

Комментарии (0)