Н.Нұрмақов атындағы ММИ "Ең үздік кафедра", "Ең үздік кафедра жетекшісі" атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру. Мамандандырылған мектеп-интернатының кафедраларының озық жұмыстарын анықтау, қолдау, педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату.
Байқау міндеттері: Әр кафедраларының мұғалімдерінің оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыстарының мазмұны, түрлері, әдістерімен іс жүзінде танысу;
мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарын, шығармашылықтарын, зерттеу белсенділіктерін, педагогикалық кәсіби өсуін зерделеу және таңдау;
педагогикалық тәжірибе жинақтауға, шығармашылық дамуға ынталандыру;
қаладағы алдыңғы қатарлы, тәжірибелі оқу-әдістемелік бірлестік жұмыстарын насихаттау.
1-бөлім. «Таныстыру визиткасы». Кафедраны таныстыру айдары. Бұл бөлімнің мақсаты – оқу-әдістемелік бірлестік мұғалімдерін шығармашылықпен таныстыру. Берілетін уақыт – 5 минут.
2-бөлім. «Кафедра портфолиосы» - презентацияны қорғау. Бұл бөлімнің мақсаты- Кафедра мұғалімдерінің жұмыстары арқылы кәсіби жетістіктері мен нәтижелерін анықтау. Презентацияны қорғауға – 10 минут беріледі
3-бөлім. «Педагогикалық идеялар». Бөлімнің мақсаты – ОӘБ мұғалімдерінің инновациялық жетістіктері мен озық тәжірибелерін насихаттау. Берілетін уақыт – 10 минут у. Презентацияны қорғауға – 10 минут беріледі
Қазылар алқасы кафедраларға келесі номинациялар бойынша ынталандыру сыйлықтарын берді:
«Ең үздік кафедра -2017» - қоғамдық пәндер кафедрасы
,"Кафедра үздік жетекшісі"- Тапенова Айнұр Сағатовна
"Кафедра шығармашылы мұғалім"- Тапенова Айнұр Сағатовна
Құттықтаймын!
Құттықтаймын!
мықтылар тек алға
Рахмет, Айнаш Аскеновна!!!
Жеңісіңіз құтты болсын!
Поздравляю!
Құттықтаймын!
Құттықтаймын
Әріптестер, тек қана алға!
тамаша