1 Гүл өз жерінде ғана – гүл, адам өз отанында ғана - адам.
Цветок лишь на своей поляне – цветок, человек лишь на родине – человек.
2 Отанның жуасы да тәтті.
И лук на Родине сладок.
3 Алқапсыз тау болмайды, Отансыз ер жоқ.
Без долины гор не бывает, без Родины мужчины нет.
4 Отан отбасынан басталады.
Родина с семьи начинается.
5 Торғай екеш торғай да өз ұясын қорғайды.
Воробей и тот своё гнездо охраняет.
6 Теңіздің арғы жағы жылырақ, ал бізде жарығырақ.
За морем теплее, а у нас светлее.
7 Құс қайда ұшса да, өз ұясын біледі.
Где птица не летает, а своё гнездо знает.
8 Тамырсыз жусан да өспейді.
Без корня и полынь не растёт.
9 Өзіңнің ғажайып Отаныңды ұмытпа, өз туған жеріңе ешқашан соқпай өтпе.
Свою Родину прекрасную никогда не забывай, места, где ты родился, никогда не обходи.
10 Отаныңның әр ағашы күлімдеп тұрады.
На своей родине каждое дерево улыбается.
11 Әр құстың өз ұясы өзіне қымбат.
Для каждой птицы своё гнездо дорого.
12 Туған ел – тұғырың.
Родная земля – твоя опора.
13 Жол жолмен қосылады, халық халықпен қосылады.
Дорога с дорогой сходится, народ с народом сходится.
14 Халық та, жер тәрізді, – кәрілікті білмейді.
Народ, как и земля, старости не знает.
15 Халықтың күші – бiрлiкте.
Сила народа в единстве.
16 Халық халыққа жау емес.
Народ народу не враг.
17 Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.
Согласие и единство – счастье и богатство.
18 Халықтың үні зеңбіректердің дүмпуінен күштірек.
Голос народа сильнее грохота пушек.
19 Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді.
Скот ищет свой хлев, мужчина – свою родню.
20 Жақыныңды жат етсең, жатқа күлкі боларсың.
Если своих сторонишься, чужим посмешищем будешь.
21 Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың.
Если с родней в мире не живёшь, в просторном мире места не найдёшь.
22 Туған жердің ауасы да шипа.
В родном краю и воздух исцеляет.
23 Отансыз адам, құссыз орман.
Человек без Родины, что лес без птицы.
24 Отанды сүю – от басынан басталады.
Любовь к Родине у семейного очага зарождается.
25 Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Нет земли лучше Родины, нет людей лучше, чем на Родине.