kz ru en

Авторизация


Сыр сандықты ашып қара...

Сыр сандықты ашып қара...

 

 Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз,

әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда

 ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

 

         Жаңа технологиялар дамыған заманда рухани азық іздеп, қолына кітап алып оқыған жастарды сирек кездестіреміз. Ұлтымыздың талай ақыны, жазушысы, қаламгер қайраткерлері қазақ әдебиет тарихында өз есімін қалдырғаны сөзсіз. Біз сол азаматтарды ұлықтап, олардың халық қамы үшін төккен еңбегін көзіміздің қарашығындай қорғап, кейінгі өскелең ұрпаққа аманат ретінде табыстауымыз қажет.

         ХХ ғасырдың біртуар дара тұлғаларының бірі Сәкен Сейфуллиннің сазгерлігі, ақындығы, жазушылығы бойымыздағы ұлттық рухты көтеріп, рухани мәдениетімізді дамытары анық. Өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірген, «сәнін берсін Сәкеннің» деп сирек ұшырасатын сымбаттылығын әнге қосқан Сәкеннің 15 қазан туған күні. Осыған орай, «С.Сейфуллин атындағы гимназияда» Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын игеру, оқушылардың қызығушылығын арттыру, жазушының шығармаларын көпшілікке танымал ету, рухани жаңғырту мақсатында қаламыздың мектеп оқушылары арасында «Сыр сандық» зияткерлік ойыны өтті. Бес кезеңнен тұрған зияткерлік ойын Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы үш тілде сұрақтардан және оның өлеңдерін мәнерлеп оқудан тұрды. Зияткерлік сайысқа қаламыздың әр мектебінен он бала қатысты. Екінші және төртінші кезеңдерде ұпай санының аздығына байланысты қатысушылар ойыннан шығып отырды. Әр кезеңде қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берген оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ойын ашық жеткізе алатындығы байқалды. «Сыр сандық» зияткерлік ойынының соңында сайыстың қорытындысы шығарылып,  №25 орта мектеп оқушысы Мусина Нұрай 3-орын, №4 мектеп-лицей оқушысы Төлеген Темірлан 2-орын және №1 мектеп-гимназия оқушысы Айдарқұлова Шахрезада 1-орын иеленді.

Сәкен ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Сол байлықты оқушы бойына сіңдіріп, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, рухани бай, ақылды ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет.

 

 

«С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ

ағылшын тілі мүғалімі Абельдинова Дана

Сейфуллин.docx
2
7

Комментарии (2)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Жақсы

Ысқақ Айман,
Преподаватель

класс