kz ru en

Авторизация


Сен Сәтбаев қаласының тарихын білесің бе?..

5-сынып оқушыларымен өткізілген

сыныптан тыс тәрбие сағатына

ақпарат.

 

         11.09.2017 күні 5 «А», «Б» сынып оқушыларымен қала күніне орай «Сен Сәтбаев қаласының тарихын білесің бе?..» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының басты мақсаты оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған өлкесінің тарихын білу, көрікті жерлерімен танысу және Қаныш Сәтбаевтың өмірі жайлы деректермен танысу.

         Ашық тәрбие сағаты викторина түрінде өткізілді. Викторинаға 5 «А» және 5 «Б» сыныптарынан екі топ қатысты.

 

 

         Тәрбие сағаты басталмас бұрын оқушыларға қағаз қиындылары ұсынылды. Әр топ оларды қағаз бетіне сәйкестендіре желімдеулері қажет болды.

 

 

 

 

 

         Бұл жұмыста екі топтан да «4» деген сан шығуы тиіс. Екі топтың жұмысын тақтаға ілгенде «44» деген сан шығады, яғни біздің қаламызға биыл 44 жас.

 

 

         Викторина 5 сатыдан тұрды. Біріншісі «Сәлем...». Оқушылар топ аттарын және ұрандарымен таныстырулары қажет.

         5 «А» - «Алау» тобы, 5 «Б» - «Жұлдыз» тобы

         Екінші сатысы – «Әдебиет әлемінде». Әр топтан екі оқушы туған өлкесіне арнаған өлең шумақтарын оқулары тиіс.

 

         Үшінші саты – «4 сурет, 1 мағына». Экранда 4 сурет көрсетіледі. Оқушылар артық суретті табулары тиіс және қаламыздың көрнекі жерлерімен байланыстырулары қажет.

 

Төртінші саты – «Сен білесің бе?». Балалар экрандағы құлаққаптарды таңдау арқылы әр түрлі дыбыстар естиді. Сол дыбыстар қандай жермен байланысуы мүмкін және қаламыздың қай жерінде мұндай дыбыстар ести алатынымызды табулары қажет.

Бесінші саты – «Жорға». Мұнда «Сәтбаев қаласының тарихы», «Қазақстан тарихы» және «Қ.И.Сәтбаев» деген тақырыптар беріледі. Оқушылар тақырыпты және ұпай санын таңдай отыра сұрақтарға жауап берулері қажет. Бұл сайыста видео, аудио және бейне сұрақтар кездеседі.

 

 

 

Әр саты сайын топтардың ұпайлары әділ қазы алқасымен есептеліп отырды. Тәрбие сағатының соңында топтар мақтау қағаздарымен мараппаталды.

1
4

Комментарии (1)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Жарасыңдар!