29 қазан айында Н.Нұрмақов атындағы ММИда "Сабақтағы кері байланыс" атты коучинг өтті. Оқытудың мақсаты: мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. Оқушылардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына, рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Коучинг сәлемдесуден басталды. Қатысушылар құшақтасып, бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салду. Ұқсас суреттер бойынша төпқа бөлінді.
Бірлесе отырып, "Миға шабуыл" талдау жасады. Қойылған сұрақтар мұғалімдерінің қызығушылығын оятты. Қатысушыларға "Данышпан мен адам" атты аңызды әңгімелеп беруге, ұсыныс жасалды.
Слайд арқылы оларға сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, формасы жайлы мәліметтер берілді және екі сабақтың панорамасын көрсетілді. Топтар осы сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлесті және оны топ алдында қорғады. Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтарын талқылады.
Коучингтің соңында, қатысушыларға бір парақ берілді, онда суреттер салынған: чемодан, коқыс жәшік, еттарқыш. Мұғалімдер тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға жазды , керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне жазды, әлі оқу және толықтыру керектігін еттартқышқа жазды. Осылай қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандары көрсетілді.
Қорыта айтқанда: кері байланыс әрекетін ұйымдастыру көзделетін басты мақсат; оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту мұғалімдер үшін тиімді жағы: 1-ден, оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды, 2-ден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді; 3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.
Рахмет. Пайдалы.
тамаша! керемет коуч отипти!
Жақсы ақпар
Өте пайдалы ақпарат