Калимбетова Гульжан Абдуллаевна
бастауыш сынып мұғалімі
«Теміртау қаласының әйелдер
гимназиясы» КММ
Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа талаптары енгізілуде. Біздің қоғамға білімді, тапқыр, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері мол адамдар қажет: олар өзінің іс-әрекетін саралай алатын, өз-өзіне сенімді, соңын болжап, бір шешім қабылдай алатындар, мемлекетіміздің гүлденуіне, оның тағдырына жауапты екенін сезіне білетін патриоттар.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады»,- деп айтқаны баршамызға мәлім. Сондықтан, өз жұмысымды аса жауапкершілік және сүйіспеншілікпен орындауым; сабақтарымды шығармашылық және ізденімпаздықпен жоспарлауым және оны «заманауи» дәрежеге жеткізуім – менің ең биік мақсаттарымның бірі болып табылады.
Оқыту процесінде оқытудың түрлі тәсілдері мен әдістерін қолдануда жаңартылған білім беру мазмұны аясында 2017-2018 оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 1-сынып оқушылары білімді өздігінен алуға, қажетті ақпараттарды жинақтауға, болжам жасауға, өзіндік қорытынды жасауға дағдылануда. Бұл дегеніміз, заманауи оқушының бойында өзін-өзі оқытуға іс-әрекеттер қалыптасуы қажет. Ол үшін әр сабағымда:
әрбір тақырып өмірмен байланыстырылып жүргізілуі керек деп ойлаймын. Өйткені, сабақта алған білім, дағды, кез-келген уақытта пайдалана алатындай болу қажет;
әрбір сабақта ««Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» технологиясының стратегияларын қолданса, оқу мақсатына жету әлде қайда жеңілірек болады деп ойлаймын;
әрбір сабақтар оқушылардың логикалық ойлау деңгейлерін арттыру мақсатында логикалық сұрақтар, тапсырмалар беру арқылы ұйымдастырылса. Логикалық ойлауды дамыту үшін берілетін сұрақтар, тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетінің жоғарылауы; пәнге, сабаққа деген қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді.
Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде оқушыларға нәтижелі сабақ жүргізу мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерден пайдалануға, тақырыпты өмірмен байланыстыруға әрекет жасаймын. Мысалы, әрбір сабақты сол сабақ тақырыбымен байланыстырып, оқу мақсатына қол жеткізу үшін сыныпта жағымды психологиялық ахуал, қызығушылықтарын оятатын ширатудан бастаймын. Оқу мақсатына жету үшін «Жаратылыстану» пәнінде бақылау, зерттеу әрекетін жоспарлау дағдыларын қолданамын. Осы дағдылар арқылы топ ішінде зерттеу жұмыстарын жасауға, оқып-үйренуге, пікірлесуге, талқылауға жетелеймін.
«Жақсыны көрмек үшін»,-дейді дана халқымыз. Сондықтан жаратылыстану пәнінде қолданған әдіс-тәсілдерімді ұсынғым келіп отыр.
Пән: Жаратылыстану
Бөлім Табиғат физикасы
(«Бізді қоршаған әлем» ортақ тақырып аясында)
Бөлімше 5.1 Күш және қозғалыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты
1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
Сынып: 1 «В»
Бағалау критерийлері
Қозғалыстың түрлі траекторияларын зерттей алады
Түрлі денелердің қозғалыс траекторияларын сызып көрсете алады
Ширату:
(Ұ) Мұғалім «Қал қалай? Осылай!» ойыны
Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де,қолмен дұрыс бағытты көрсетеді (əрекет).
Қал қалай?– Осылай! (Бас бармағын көтереді).
Жүріс қалай?– Осылай! (Алақанда екі саусақпен «адымдайды»).
Жүгірісше?–Осылай!(Қолдарын шынтағынан бүгіп,жүгіргендегідей етіп қозғалтады).
Түнгі ұйқы?–Осылай! (Қолдарын бетінің астына салып, бастарын түсіреді).
Аласың ба?Осылай! (Қолдарымен қармайтын əрекеттер жасайды).
Бергенде ше? – Осылай! (Қолдарымен бір затты беріп тұрғандай қозғалтады).
Балалар, қазір қандай әрекеттер жасадыңдар?
Бастапқы білім
Біз өткен сабақта түрлі денелердің қозғалысына мысал келтіріп, қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтаған болатынбыз.
Қозғалыс дегеніміз не?
Жанды денелер қалай қозғалады?
Ал, жансыз денелер ше?
Суреттегі денелер қалай қозғалады?
Ұшақ – (ұшады)
Балық – (жүзеді)
Ал, мына жануарлар не үшін қозғалады?
Аю-қозғалу арқылы азығын тауып жейді
Жолбарыс -қозғалу арқылы су ішеді.
Құстар-қозғалу арқылы ...............
Жануарлар үшін қозғалыстың қандай маңызы бар?
Жануарлар қозғалу арқылы ........................................
Адамдар не үшін жаттығу жасайды?
Таза ауада серуендеудің қандай пайдасы бар?
Адамдар не үшін қозғалады?
Білу және түсіну. Бақылау дағдысы.
МК Ұ Қызығушылықты ояту
Суреттерге қарайық. Қай суреттен дененің қозғалысының ізін байқадық? (Ұшақтың)
Жолдағы мәшиненің ізі көріне ме? (жаңбырлы, қарлы күні ғана көруге болады)
Тағы қандай көліктердің ізін көруге болады? Мысал келтірейік. (кеменің, катердің)
Осы көліктердің ізіне қарап, көліктердің қалай жүргенін байқауға болады.
Бізді қоршаған әлемдегі түрлі денелердің қозғалысының траекториясына мысалдар келтіріп, ауада сызып көрсетейік.
1) Ауада ұшақ болып ұшып көрейік, ұшқан жолын ауада сызықпен сызайық, қандай сызық сызылды? (түзу сызық)
2)Ал қардың бетінде машинаны жүргізейік, оңға бұрылайық, ал енді солға бұрылайық. Тоқтайық. Мәшиненің жүрген жолын ауада сызықпен көрсетейік. қандай сызық сызылды? (қисық сызық).
3)Допты жерге ұрып ойнайық. Доптың траекториясын ауада сызайық, қандай сызық сызылды? (сынық сызық)
Ұшақ, мәшине және доптың қозғалыс траекториясы қандай сызықтар арқылы өзгерді? (Түзу, қисық және сынық сызықтар арқылы өзгерді)
Қолдану. Зерттеу әрекетін жоспарлау дағдысы
МК. Топтық жұмыс. Мағынаны тану.
Мұғалім: Денелер қалай қозғалады? Қозғалысқа түскен денелердің траекторияларына зерттеу жүргізіп көрейік.
Кішкене шар мен мәшиненің қозғалысын зерттейміз. Олар қандай траекториямен қозғалды?
Құм себілген табақшаның бір шетіне кітапты қойып, табақты сәл қисайта орналастырыңдар. Төбешікке ойыншық мәшинені және допты қойып итеріп жіберіңдер.
Құм бетінде ойыншықтан қалған сызықты Венн диаграммасына салыңдар.
Ал енді сызықтарды салыстырыңдар. Денелердің айырмашылығын атаңдар.
Мәшине Шар
Жинақтау. Қ. Ө
1-тапсырма. Мектептен үйге дейінгі жолыңның траекториясын сызыңдар.
Қандай траектория шықты?
Неге түп түзу жол бойымен қозғалуға болмайды?
Бағалау критерийі:
- мектептен үйге дейінгі жолының траекториясын сыза алады
Дескриптор:
- мектептен үйге дейінгі жолының траекториясын сызады
2-тапсырма.
Көлік суретін оған сәйкес келетін траекториямен сәйкестендіріп сызамыз.
Бағалау критерийі:
- көлік суретін оған сәйкес келетін траекториямен сәйкестендіріп сыза алады
Дескриптор:
- көлік суретін оған сәйкес келетін траекториямен сәйкестендіріп сызды
тамаша