kz ru en

Авторизация


"Тарих айнасы" атты зияткерлік ойыны

Желтоқсанайының 9-шы жұлдызында Қарағанды қаласы академик Е.А. Букетов атындағы № 52 ЖББО мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне қарсынында 6- сыныр оқушылар арасында " Тарих айнасы" атты зияткерлік ойыны өтті. Бұл ісшара қазақ тілі мен әдәбиеті мұғалімі Дауенова Мира Армиевна өткізді. Аталған ісшара қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыс оқушыларды әртүрлі пәндерге деген қызығушылықтарын арттырып,батылдықтарын шыңдау мақсатында өткізілді.

Отан деген — сүйіспеншілік, өзінің бар болмысынды елімнің мүддесіне арнап, бойындағы қабілет пен күш-қуатты, білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау патриотизмның  басты ерекшелігі ретінде сипатталады. Бұл қасиет қоғамдық ой-сана қозғалысының ерекше бір бөлігі іспеттес болғандықтан, ол қоғамдық ортаның даму үрдісіне сай əр түрлі мазмұнда көрініс береді. Сондықтан патриотизмнің тарихи кезеңдеріне назар аударып, табиғи тамырларына тереңірек үңілуіміз керек. Патриотизм табиғатының тіні саналатын патриоттық сана ерекшелігін, оның қалыптасу үрдісіне назар аудара отырып, бұдан «патриотизм» ұғымының тарихи эволюциясы қандай үрдістерден өткенін көреміз.

0
0

Комментарии (0)