kz ru en

Авторизация


«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қорытындысы

Педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі жетілдіруге шығармашылық ынталандыру, Қазақстанның заманауи мектептерінің мұғалімдерінің инновациялық тәжірибелерін тарату және зерттеу мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы   2017 жылдың 13-14 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өткізілді. Фестиваль білім берудегі технологиялар мен әдістемелерді жетілдіруге, тәжірибе алмасуға, мұғалім мамандығының дәрежесін өсіруге, заманауи мектептердің кадрлық әлеуетін қолдауға, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін қамтуға, мобильді білім беру ортасында тиімді жұмыс жасау үшін басшылар мен педагогтердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, коммуникативтік және басқа да құзіреттіліктерді дамытуға негізделген. Осы конкурсқа Н.Нұрмақов мектебінің  география, физика, математика пәндері мұғалімдері  «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы...» бағыты бойынша  қатысып,  жүлделі орындарға ие болдық. Еңбегіміз еленіп, ұсынған идеямыз бірінші және үшінші деңгейде бағаланды.

5a34bf41b9e3b (1).jpg
5
9

Комментарии (5)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Поздравляю!

Кокина Акзер,
Преподаватель

Поздравляю

Молдабекова Кулжакен,
Преподаватель

Тамаша! 

Сейфоллин Шалкар,
Преподаватель

Поздравляю

Сыздыкова Гульнар,
Преподаватель

Жарайсыздар! Құттықтаймын!