Бастауыш сынып мұғалімі: Калимбетова Г.А.
Қысқы демалысымызды қалай қызықты өткізуге болады? Қайда барғымыз келеді? Бізді не қызықтырады? Осы сұрақтарды 1 «В» сынып оқушыларына қойдым, қыздардың жауаптарының көпшілігі қалалық өлкетану мұражайға саяхат жасағылары келетінін айтты. Көпшіліктің дауысының шешімімен 4 қаңтар күні Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа шығатын болып келістік.
Тамаша!