Мақалада жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып,оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге , функционалдық сауаттылықтарын арттыруға,адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөлініп, заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру туралы баяндалған.
Обновленный в статье, начинается стадия перехода к содержанию образования,обучение навыкам широкий круг учащихся , повышению функциональной грамотности,на развитие человеческих ценностей большое внимание уделяет повышению профессионального мастерства учителя в процессе перехода на применение современных технологий, изложенных в об.
Updated in the article, the stage of transition to the content of education,skills training, a wide range of students , functional literacy,on the development of human values, pays great attention to improvement of professional skill of the teacher in the transition to the use of modern technologies described in vol.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-217оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер. Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.
Оқып үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру - қоғамның басты мәселесі. Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін дамыту барысында мектептің даму жоспарында желілік қоғамдастық, тәлімгерлік инновациялық, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, интернет жүйесімен байланысты жандандыру, жаңа ақпаратты технологияны меңгеру, жан-жақты ұстаздар қауымымен пікір алмасу қарастырылған.
Ал мұғалім үнемі ізденіп, білім қорымен өзінің іс- тәжірибесін таратып, өзгенің жаңалығын үйреніп отырса, оның сабақтары да қызықты, бала үшін тиімді болмақ. Ал бұл жағдай бүгінгі күні ауыл мектептері аталатын шалғайдағы ауылдар үшін де тиімді.
Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді.
27 наурыз бен 14 сәуір аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша 3 апталық курсынанан өттім.
Бағдарламаның мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
Бағдарламаның міндеттері:
- Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен,ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен танысу;
- Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
- Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп,қолдана білуін қамтамасыз ету;
- Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру
Тренеріміз Мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Гульфия Бекетқызы Алипкалиева болды.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру бағдарламасымен таныстыру болғандықтан,бағдарлама туралы ақпаратпен, оның мақсат, міндеттерімен таныстық.
Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері – білімді тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру; (спиральді қағидатпен берілуі);
-бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
-оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде жоспарлау болып табылады.
Әр күн жаңалықтарға толы болып, курс тыңдаушылары жаңартылған білім беру бағдарламасы, АКТ әлеуеті жайлы пікір алмасып және ауыл мектептерінің жоғары сапалы білім беруді қолжетімді ету үшін ақпараттық-білімдік ресурстарының қазіргі жағдайын талдадық.
Курс тыңдаушылары арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер, ықшамсабақтар бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнап, ұстаздардың көзқарасы өзгеріп жаңа инновациялық мүмкіндіктерді пайдалануға талпынысы басым болды. «Ауызша айтсаң – тез ұмыттым, Көрсетсең – есте сақтаймын, Іске кіріссең – үйренем.» - деген екен қытай даналығында. Қазіргі таңда әріптестерім бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасып,оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінді
Заман талабына сай жабдықталған ауыл мектептеріндегі ұстаздардың осы талапқа сай жұмыстануға бетбұрыстары айқын көрініс тауып жатыр. Бүгінгі мұғалімнің еңбегі, тынымсыз ізденуді, үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. Қоғамның сұранысына лайықты ақпараттық -коммуникативтік технологияларды меңгерген мұғалім болып, өз бетінше білім алып, шешім қабылдай алатын, болашаққа жан-жақты көзқарасы бар, ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты тұлғаны қалыптастырайық! Сондықтан, ХХІ ғасырда «қарапайым ауылдан - өркениетті ауыл» мектебінің оқушысына білім берудегі жауапкершілігімізді абыроймен атқару ұстаздық борышым деп түсінемін.