Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы №87 бұйрығы бойынша 15 мамыр мен 25 мамыр аралығында ICILS-2018 компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын білім алушылардың білім жетістіктерін бағалайтын халықаралық зерттеулердің апробациясына қатысуына Республикамыздың барлық облыстарын қамтамасыз етуге бұйырды. Мұндағы мақсат көптеген елдердің орта білім беру (негізгі мектеп) бағдарламаларының бірінші кезеңі ЮНЕСКО-ның білім беру халықаралық стандарты жіктеудің (БХСЖ-2) екінші деңгейінің аяқталуына сәйкес келеді. Бұл шамамен 14 жасты құрайды. Осы санаттағы оқушыларды таңдау, әлемнің көптеген елдерінің бұл жастағылар мектепте міндетті оқуды аяқтауымен түсіндіріледі. Осыған орай Қарағанды облысы бойынша 13 мектеп ICILS-2018 халықаралық зерттеуіне қатысуға іріктеліп алынды. Соның ішінде Абай аудан. Абай қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 5 мектеп-гимназиясы іріктеліп кірді. Зерттеудің тексерілетін құрамы, 8-сынып оқушылары, оның басты жиынтығын құрайды. ICILS тесті 5 модульден тұрады. Бұл ретте бағдарлама қатысушыларға тек екі модульді орындауды ұсынады. Әрбір модульбірнеше тапсырмалары бар бір тақырыптық бағытқа ие (7-8 сұрақтар). Тапсырмалар екі типке бөлінген. Біріншісі – жауапты таңдайтын күрделі емес тапсырмаларды орындауды көздейді. Екінші типтің тапсырмаларын орындау барысында қатысушы жарнамалық постерлерді, буклеттерді, слайдттарды және бейне-презентицияларды, мәтіндерді өңдеу арқылы бағдарламалық қосымшаларды пайдалану дағдыларын көрсетуі тиіс. Тест қатаң түрде белгілі бір ретпен орындалуы қажет (сызықтық құрылым). Бір тест модулін орындауға 30 минут уақыт беріледі. 20 минуттық оқушыға арналған сауалнама тестілеуден кейін электронды түрде ұсынылады. Сауалнама 26 сұрақтан құралған. Ол жеке мәліметтер (жасы және жынысы, жоспарлап отырған білім деңгейі, жанұның білім ресурстары, жанұяда сөйлеу тілі және т.б.). Мектепте және мектептен тыс және компьютерлік технологияларды қолдануға, оның қатынастарды иелену мәселелері қарастырылады. Зерттеу нәтижелерінің салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсатымен әрбір қатысушы ел тұрғысында іріктелген сыныптар білім алушылардың жоспарланған 85%-дан кем емес қатысуы міндетті болып табылады. ICILS тесті 5 модульден тұрады. Бұл ретте бағдарлама қатысушыларға тек екі модульді орындауды ұсынады. Әрбір модуль бірнеше тапсырмалары бар бір тақырыптық бағытқа ие (7-8 сұрақтар). Тапсырмалар екі типке бөлінген. Біріншісі – жауапты таңдайтын күрделі емес тапсырмаларды орындауды көздейді. Екінші типтің тапсырмаларын орындау барысында қатысушы жарнамалық постерлерді, буклеттерді, слайдттарды және бейне презентицияларды, мәтіндерді өңдеу арқылы бағдарламалық қосымшаларды пайдалану дағдыларын көрсетуі тиіс. Тест қатаң түрде белгілі бір ретпен орындалуы қажет (сызықтық құрылым). Бір тест модулін орындауға 30 минут уақыт беріледі. 20 минуттық оқушыға арналған сауалнама тестілеуден кейін электронды түрде ұсынылады. Сауалнама 26 сұрақтан құралған. Ол жеке мәліметтер (жасы және жынысы, жоспарлап отырған білім деңгейі, жанұның білім ресурстары, жанұяда сөйлеу тілі және т.б.). Мектепте және мектептен тыс және компьютерлік технологияларды қолдануға, оның қатынастарды иелену мәселелері қарастырылады. Мұғалім сауалнамасы онлайн режимінде өтеді. Сауалнама16 сұрақты қамтиды. Зерттелетін сыныптың мұғалімдері педагогикалыққызметтерінде АК технологияларын пайдалану және компьютерлісауаттылығын өзін-өзі бағалау туралы сұрақтарына жауап береді.Сауалнама көмегімен мектептегі оқыту процесінің сипаттамасы
анықталады. Сауалнаманы толтыруға 30 минут уақыт беріледі.Мектеп директорына арналған сауалнама 16 сұрақты, мектептіңсипаттамасы, мектептегі оқыту процесінде АКТ қолдану саясаты және білім берудің және оқытудың АКТ пайдалану мұғалімдердің кәсіби дамуы туралы сұрақтарды қамтиды. АКТ-үйлестірушісіне арналған онлайн сауалнамасы 13 сұрақты құрайды және компьютерлік инфрақұрылымды, оқыту процесінде қолдануда мұғалімдерге көрсетілетін техникалық және педагогикалық қолдау туралы сұрақтарды қамтиды.Сауалнама 15 минуттың ішінде толтырылады.ICILS-2013 жобасына 21 ел қатысты. Чехия, Канада (Онтарио), Австралия және Дания көшбасшы тобына кірді. Ең төмен нәтиже көрсеткен Таиланд және Түркия елінің оқушылары болды . ICILS-2013 қатысушыларын орташа алғанда 36%-ы компьютерді 7 жылдан астам пайдаланады. Германиядан басқа, барлық елдерде тестті табысты орындау компьютерді қолдану тәжірибесі статистикалық маңызды оң әсер болды. Орта есеппен, компьютерді бір жыл пайдалану тест нәтижелерінің 9 балға жақсартуға сәйкес келетіндігін дәлелдеді. Оқушылар АКТ-ны мектепке қарағанда үйде көбірек пайдаланатыны анықталды. Оқушылардың 87%-ы кем дегенде аптасына бір рет үйде компьютерді пайдаланатынын көрсетті және тек 54%-ы бірдей жиілікте компьютерді мектепте пайдаланатынын көрсетті. Компьютерді оқу мақсатында ең жиі қолданған Ресей, Австралия және Таиланд оқушылары. Бұл елдерде орташа көрсеткіш мәні үш немесе одан көп балға ICILS-2013 зерттеуі бойынша орташадан жоғары (50 балл). Мегаполистер оқушыларының 34%-ы (1 млн-нан астам халқы бар қала) компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың 3-ші және 4-ші деңгейлерін көрсетті, бұл ауыл оқушылары жетістігінен үш есе артық (9%). Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың бірінші деңгейіне ауыл оқушыларының 19%-ы қол жеткізбеді, мегаполисте – барлығы 3%. Осы нәтиже цифрлық теңсіздікті азайту үшін арнайы бағдарламалар қажеттігін тағы да растайды. Сондай-ақ, мектепте компьютерлердің болуы компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты қалыптастырмай тындығы анықталды. Зерттеу компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты оқытудың белсенді элементтері, зерттеу және жобалау қызметтері қалыптастыратынын дәлелдеді.Көптеген елдерде компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейіне оқушылардың үйдегі АКТ ресурстарының қол жетімділігі оң әсер етті. Үйде компьютер саны көп оқушылар АКТ-дағдылар шкаласы бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.
Оқушыларымызға СӘТТІЛІК тілейміз!!!
Қажетті мәліметтер үшін рахмет!
Пайдалы ақпарат