Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді.
Ана тілімізді түрлеген реформатор-тілтанушы, ұлтымыздың рухани көсемі атанған Ахаң (Байтұрсынұлы) әліпби ауыстыратын кезеңде (1927 жылы) мұны тайға таңба басқандай етіп айтып кеткен болатын. «…Хат мәдениеті бар халыққа, – дейді ол, – бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып, алып кетуге бірталай уақыт керек, бірталай артық тұрған қаржы керек. Бірталай артық тұрған адамның күші керек, ісі керек. Әуелі, ондай қаржы, күш пен іс, екі әріппен бірдей қатар оқу, сауат ашу істеріне керек; екінші, баспа дүкендерінде қатар дүкен құрылмақ, қатар жұмыс жүрілмек, басылып шығып жатқан нәрселердің бәрі де екі әріппен бірдей басылып тұрмақ… Әліпби деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жинағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақшы…». Өте орынды тұжырым. Ғұлама ғалымның осынау ордалы ойын біз де әліпби ауыстыруда ескергеніміз жөн.
Латын қарпі — ағылшын тілі, ғылымның тілі. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Латын әріптері графизация (әріп таңбалау) заңдылықтарына, яғни, «көру-қабылдау-тану» талаптарына да сай. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлде қайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады.
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады.
Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс – жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодтау) түріне байланысты. Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп атайды) оның кері кодталу (декодталу) процесімен тікелей байланысты. Кодтауға қолданылатын алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.
Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері – сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 және 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады.
Бит – ағылшын тіліндегі binary digit екілік таңба деген қысқарған сөз. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының нұсқауын мейлінше жеңілдетті. Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оның есептеу техникасында кең тарауына себеп болды. 0 және 1 белгілері төрт символды ғана таңбалауға мүмкіндік береді: 00, 01, 10, 11 бұл - өте аз. Кез – келген мәтіндік ақпаратты кодтау үшін, кемінде 200-ден астам символ қажет. Сондықтан символдарды кодтау үшін 8 биттен, яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді (8 нөлдер мен бірлер) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атаймыз. 1 байттың көмегімен 256 символды кодтауға болады: 00000000, 00000001, 00000010, ..., 11111111.
Егер алфавиттің әр символына белгілі бір санды сәйкестендіріп қойса (мысалы реттік номерін), онда мәтіндік ақпаратты екілік кодтың көмегімен кодтауға болады. Қазіргі компьютерлерде ақпарат ASCII (American Standart Codе for Information Interchange – американский стандартный код для обмена информацией) кодымен беріледі. ASCII коды АҚШ-тың (ANSI) американың стандарттық ұлттық институтында жасалған, бірақ оның 256 стандарт символдан тұратын бөлігі арнайы программаның көмегімен ұлттық алфавиттің символдарымен ауыстыруға болатындықтан басқа елдерде пайдалана алады.
II (American Standart Codе for Information Interchange – американский стандартный код для обмена информацией) коды.
Қазақстанда құрамында кириллица символдары бар ASCII-ге алтернативті кодтау қолданылады. Онда үлкен және кіші орыс және латын әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және арифметикалық амалдар және т.б. қамтылған. ASCII символының әрқайсысына 8 биттік екілік код (байт) сәйкес қойылған, бұл 256 әр түрлі символды кодтауға мүмкіншілік береді.Сонымен қатар, басқа да кодтау жүйелері бар: - 8 бит немесе 1bayt Windows 1251, KOI-8 және басқалары жоғарыда кодтау жүйесін Барлық бір таңбаны кодтау үшін пайдаланылады. 1991 жылы ол 16-биттік жүйесін Юникод (Unicode) ұсынылды. Бұл жүйенің әрбір өкілдік символы 2 байттан тұрады. Сонымен, егер адам текстік файл құрып және оны дискіге жазса, онда адамның енгізген әр символы компьютер жадында сегіз нольдер мен бірлердің жиынымен сақталады. Тексті экранға немесе принтерге шығарғанда осы кодтарға сәйкес символдар бейнеленеді.
Латын әліпбиінде әр түрлі диакритикалық таңбалар (нүкте, қос нүкте, сызықша, айшық, дәйекші т.б), яғни қосымша белгілер арқылы көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби дәрежесіне жеткізіп отыр. Жазуға қойылатын басты талап лингвистикалық (тілді дәл жеткізу) бағытта ғана емес, техникалық жағдайларға (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.) да сай болуы керек. Бұл мақаланың шығуына «Латын әліппеге көшудің техникалық мәселелері» атты физика-техникалық институтының жетекші ғылым қызметкері, ф.-м.ғ.к., С.М. Киккариннің еңбегі себеп болды, мақала 2006 жылы жазылған, техникалық тілде жазылу себепті, көп оқырманға жетпеген. Қазір латын әліпбиі осы талаптар биігінен де көрінеді, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, халық өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс деп білеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.Жолдауы.- Астана, 2012 ж.
2. Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы.– Алматы: Ғылым, 1998. - 216 б.
3. Интернет ресурстары: https://kk.wikipedia.org/, http://opk.kazmkpu.kz, http://www.zox.kz/load/informatika/a_paratty_kodtau/11-1-0-1216, http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V030002262
4. http://www.sci.kz/~sairan/Sairan_in_kk.html
Рахмет, пайдалы ақпарат