Жобаның мақсаты:
«Қазақ әдебиеті» пәні арқылы оқушыларды Абай әлемімен таныстыру
Міндеттері:
Абайды танып – білуге жағдай жасау;
Сабақ формаларын оқушыны ізденіске дағдыландыратындай етіп таңдау;
Абай туралы білімдерін тереңдетуге қызығушылық туғызу;
қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру;
қазақ әдебиеті арқылы рухани дүниесін байыту.
3. Жобаның идеясы:
Қазақ әдебиеті пәні орыс мектебінде аптасына 1 сағат болғандықтан, әр сабақта қысқа да болса Абай туралы мәлімет беру, басқа ақын-жазушылар шығармашылығымен салыстыру арқылы Абайдың әлемімен таныстыруды жүзеге асыру.
4. Жобаның өзектілігі:
Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына, оқыған мәтінді түсініп, саралауға мүмкіндік беретіндей деңгейде болуы тиіс.
11 сыныпта Абай әлемімен таныстыру үшін әр сабақтың тақырыбын осымен байланыстыруға жасалған күнтізбелік жоспар ұсынылады.
5. Жобаның жаңалығы:
оқушыларды әдеби шығармаларды оқу барысында сараптама жасауды үйретуі.
Шығармашылық жұмыс жасауға жағдай туғызуы.
Оқушылардың әр сабақ сайын тапсырманы орындау барысында өткен материалды сараптамадан өткізіп отыруының қажеттілігін түсінулерінде
6. Болжамы:
Егер әр сабақта оқушылар Абай Құнанбайұлы туралы қысқа мәлімет алып отырса немесе ол мәліметті өз бетімен тауып есінде сақтаса, сонда алған білімдерінің сапасы да жоғарлайды. Оң нәтижелі болған жағдайда басқа да сыныптарда қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында күнтізбелік жоспарды жасау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне көбірек назар аударуды көздеу.
Шәкірттен күтілетін қасиеттер:
оқушы ой – жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;
оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болғаны жөн;
оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;
оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді.
Егер оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс өшпей, одан әрі дами түссе, онда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан – сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
7. Күтілетін нәтиже:
«Абай жолы» роман–эпопеясымен тереңірек танысады;
Абай әлеміне қызығушылығы арқылы ізденушілігі қалыптасады;
Абай шығармалары арқылы салт-дәстүрлер, «Абай жолы» роман–эпопеясы арқылы ұлттық мәдениет құндылықтарымен танысқан.
Тамаша!
рахмет