kz ru en

Авторизация


5-сынып Менің алғашқы программам

Бөлім

Тақырып

Менің алғашқы программам.

Оқу мақсаты

5.3.3.1. Тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scrath)

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:

Ойын программасында тармақталу және цикл командаларын қолданып программа құру

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Ойын программасында әр блоктың командаларымен  жұмыс жасай алу және программада қадам санын енгізіп, өзгерте алу

Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:

Ойын программасында тармақталған және циклдік командаларды қолдана отырып анимация құра алу

Бағалау критерийлері

Scratch бағдарламасында нысандармен жұмыс жасай  біледі

Тармақталу және цикл командаларын қолданып бағдарлама құрады.

Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып анимация құра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар істей алады:

Scratch бағдарламасында нысандардың атауларын дұрыс қолдана алады.

Пәндік лексика мен терминология:

Спрайт, скрипт, графика, сахна, блок, команда, сенсор, оператор

Сұхбатқа, хатқа арналған пайдалы сөздер:

Scratch бағдарламасында орналасқан нысанды  өңдеу батырмалары ...... орналасқан

Жобаны сақтау үшін ..... бұйрықтары қолданылады.

Файлдың кеңейтілімі .....

Құндылыққа баулу

Өз бетімен АКТ-ны  қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға қалыптастыру. Тіл меңгеруге бейімдеу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі.Бейнелеу. Математика.

Тақырып бойынша  алдыңғы білім

Программалау тілдері, Scratch бағдарламасының интерфейсі туралы біледі.

Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

3 мин

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңберін құрып, «Жүрек жылуы» тренингін ойнату.

Мақсаты: оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір-біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтын бәрі жүректен шығатынын жеткізу.  Жүрекшенің екінші жағында топ аттары бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ:  «Спрайт»

2-топ: «Сприт»

3- топ: «Скретч»

Үй тапсырмасын тексеру:

«Кубизм» әдісі

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

Мақсаты: оқушылардың алдыңғы сабақта  алған білімдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін анықтау, ой жинақтау.

Scratch деген не?

Лого тілі қай жылы шыққан?

Неліктен программалау ортасында скриптілерді қолданамыз?

Программада штамп құралы қайда орналасқан?

Scratch программалау ортасын қалай жүктейміз?

 - батырмасының атқаратын қызметі қандай?

 

Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, слайд, Scratch бағдарламасы, маркер, жұмыс дәптері, карточка.

 

Сабақтың ортасы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

7 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушыларға оқулықтан жаңа тақырып бойынша мәтінді бөліп беру. Оқушылар оқи отырып бір-біріне түсіндіреді.

Мақсаты: оқушыларды топтық жұмыс жасауға баулу, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйрету, Scratchортасымен танысу.

Постер қорғау. Әр топ берілген  тапсырмалар бойынша постер дайындайды, қорғайды. (Топтық жұмыс)

1-топ: Программалау тілі

2-топ: Программаның жазылу түрлері

3-топ: Scratch ортасы

1-тапсырма:

Қай блок командасына жататынын анықтап, сәйкестендір:

Дecкриптор:

блок командаларының қандай қызмет атқаратынын біледі.

скрипт атауы мен блок атауын біледі

Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

2-тапсырма:Себебін анықтап Неліктен пайдаланамыз бөліміне жауап жазады.

 

Дескриптор: Фон және спрайттар кітапханасын қолдана алады.

Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

3-тапсырма:

«Сүңгуір» және «Балық» скрипттеріндегі айырмашылықты анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз._____________________________________________________________________

 

Дескриптор:берілген интерфейсті  көре отырып бағдарламаның қайсысына жататынын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

4-тапсырма:

 Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын циклдік командаларды белгілеңіз.

Дескриптор жазу: циклдік командаларын айыра біледі.

Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

5 - тапсырма. Төменде көрсетілген кейіпкер мен фон түсін ойын программа ортасында орында.Кейіпкерді қозғалысқа келтіріп, командаларын дәптерге жазып көрсет.

Дескриптор: 

ойын программанда фон түсін таңдай алады

ойын программасында нысанға қозғалыс енгізе алады

Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, слайд, Scratch бағдарламасы, маркер, жұмыс дәптері, карточка.

 

Сабақтың соңы

3 мин

Қорытындылау

«Сұрақ-жауап» әдісімен бекіту.

Сенсорлар блогы қандай?

Қозғалыс блогы қандай қызмет атқарады?

Дыбысты қай  блок арқылы қоямыз?

Фон және спрайттар кітапханасынан не алуға болады?

Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын циклдік командаларды ата. 

Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын тармақталу командаларды ата. 

Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

 

«Бес саусақ» әдісі кері байланыс алу

Үй жұмысы: Scratch ойын бағдарламалық ортасында циклдік, тармақталу блоктарды қолданып нысанды қозғалысту бағдарламасын жаса.

0
1

Комментарии (0)