Сабақтың мақсаты
АКТ-ны пайдаланып, «компьютерлік вирус» түсінігін беру. Оқушыларға теориялық білім бере отырып, ойлау қабілетін, әскерлік белсенділігін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы берілген тапсырманы топпен орындауға дағдыландыру
Оқушылар білуі тиіс
- Компьютерлік вирустар түрін;
- Вирустардың таралу жолдарын;
- Антивирустік программаларын түрін;
Оқушылар үйренуі тиіс
Вирусқа қарсы бағдарламалар мен жұмыстана білуін;
Оқыту нәтижелері
Вирус, антивирус дегеніміз не, компьютердің вирус жұқтыру белгілерін, антивирустық қауіпсіздік ережелерін оқып үйренеді.
Достары мен еркін қарым-қатынасқа түседі.
Өз ойын қорғай алады.
Шығармашылық пен жұмыс істей алады.
Сілтемелер
5-сынып оқулығы;
Видео сабақтар;
Слайд;
http://bilimland.kz порталы.
Сабақ
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеттері
Оқушылардың іс-әрекеті
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Шеңберге тұру» тренингін өткізу.
Сыныпты топқа бөлу.
Оқушыларды компьютердің құрылғысы арқылы топқа бөлу (қоржынға компьютердің құрылғысын жазып қоямын, оқушылар бір-бірден таңдап алған компьютердің құрылғысына байланысты, сол топқа отырады).
1-топ. Манитор.
2-топ. Пернетақта.
3-топ. Принтер
"Бағалау парағын" тарату.
Оқушылар бір-бірлерінің қолынан ұстап, жылы лебіздерін білдіреді.
Топ мүшесін сайлау, (топ ішінде басшы, хатшы рөлдерін бөлу).
Ережені тақтадан оқып, естеріне түсіреді.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
-Kahoot тест арқылы тексеремін.
-Топпен тексеру.
Әр топ оқушылары қол көтеріп жауап береді.
Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
-Оқушылар күнделікті өмірде жалпы компьютерлік вируcтар деген ұғыммен кездесіп жүрсіздер, кімнің қандай ойы бар?
-Компьютерлік вирус дегенді қалай түсінеміз?
- Вирус қалай пайда болады, одан қалай сақтану керек?
- Компьютерлік вирустармен күресу үшін қандай әрекеттер орындау қажет?
“Компьютерлік вирустар” видеосы көрсетіледі.
Вирустардың таралу жолдары:
- Дискеттер;
-Лазерлік;
-Компьютерлік желілер.
Вирустар екі түрге бөлінеді:
1.Резиденттік;
2.Резиденттік емес.
Резиденттік:
-Профилактикалық (алдын алу) шаралары:
-Вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларды қолдануға болады.
Профилактикалық шараларға төмендегілерді жатқызуға болады:
-Қосалқы көшірме жасау- ақпаратты архивтеу;
-Зақымдануы ықтимал кездейсоқ «пираттық»(ұрлық) программаларды қолданбау;
-Дискеттердівирустан тексеру;
-Антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту.
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/16339-virusqa_qarsy_bahdarlamalarсілтемесі бойынша “Вирусқа қарсы бағдарламалар” видеосы көрсетіледі.
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төменқарай 2-3 рет айналым жаса
VІ. Компьютердегі
тәжірибелік жұмыс
25-27 б.б. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
Дербес компьютерлерін қосып деңгейлік тапсырмаларды орындау.
А деңгейін орындағандар –«3» деген баға алады;
А және В деңгейлерін орындаған оқушыларға – «4» деген баға қойылады;
А,В және С деңгейлерін орындаған оқушыларға «5» деген баға қойылады.
А деңгейі
1. Microsoft SecurityЕssentails программасымен (немесе)өздерінде бар антивируспенөз бумаларыңды тексеруді орындаңдар.
2. Программаны іске қосыңдар.
3. Үйге тіркеме бетінде Тексеру параметрлері – Ерекше (Особая) ажыратып-қосқышынтағайындаңдар.
4. Тексеру батырмасын шертіңдер, өз бумаларыңды көрсетіңдер. ОК-ді шертіңдер..
В деңгейі
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Microsoft Security Еssentails программасының баптауларын өзгертіңдер.
3. Параметрлер тіркеме бетіне ауысыңдар.
4. Сол жақтағы тізімнен Үнсіз келісім бойынша әрекеттер (Действия по умолчанию) бұйрығын таңдаңдар.
5. Хабарлаудың ауыспалы деңгейі үшін Жою бұйрығын таңдаңдар..
С деңгейі
1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Microsoft SecurityЕssentailsпрограммасының (http://windows.microsoft.com/ru.ru/windows/security-utilities) жүйеге қандай талаптар қоятынын оқып-біліңдер.
VII. Кері байланыс
Кері байланыс пікірлерін жинап алу.
Оқушылар тақырыптағы түсінген, түсінбеген сұрақтарын кері байланыс парағына жазып кетеді.
VIІI.Оқушыларды бағалау
Сабаққа белсенді араласып отырған оқушыларды бағалау,бағаларын күнделік-теріне қою.
Күнделіктеріне баға қойамын.˙
ІХ. Үй жұмысы
§5-6 оқу,37-38 беттегі сұрақтарға жауап беру.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Деңгейлік тапсырмалар мен шығармашылық тапсырмалар орындалған сабағыңыздың құрылымы жақсы екен!