kz ru en

Авторизация


жобамның мазмұны

Мазмұны:

                                         «Абайды таныту арқылы, біз

                                          Қазақстанды әлемге танытамыз»

                                                                                     Н.Ә.Назарбаев

     Жан-жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін теориялық білімді тәжірибеде тиімді пайдалану мен үйлестіру үшін кең мүмкіндіктер берілді. Мектеп өмірі балаларға жаңа әлемді ашып береді. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде болуы тиіс. Оқушыларды қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын тудыру үшін ең алдымен халық қазынасымен таныстыра отырып, берілетін материалдың   әр түрлі  болуының қажеттілігі туады. Бұл: ойын, әңгімелесу, көрсету, өздері ою-өрнек, ұлттық жабдықтар жасау, тарихымен танысу, т.б

Қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі  мектеп  оқушылары.  Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін материалды терең ұғына білуге баулу – мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты. Мұғалімнің әрбір сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім – тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс.

Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Мұғалім оқушылардың  сабаққа деген белсенділігін арттырумен бірге  сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек. Олай болса, өтілетін  сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда, қойылған  сұрақтарға жауабын беруде «Ой таласын» жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру, тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу, шығарма, шағын мәтін құрастыру, әңгімені бөлімдерге бөлу, ат қою, қиялдау арқылы сурет салу, ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру, мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау сияқты  ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі. Ал, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері: мұражайға апару,  әртүрлі кездесулер өткізу, сайыс өткізу, балаларға арналған журналдарды үнемі пайдалану. Алдында айта кеткендей  қазақ әдебиеті пәні аптасына 1 сабақ ғана болғандықтан және сабақты тек қазақ тілінде түсіндіру қажеттілігінен  тақырыпты түсіндіру қиындықтар туғызады.

 

Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі  -  әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Абайды таныту арқылы, біз Қазақстанды әлемге танытамыз дегендей, ұлттық тәрбие арқылы әлемдік кеңістікке енудің бір жолы – «Қазақ әдебиеті» арқылы Абай әлеміне ену. Өйткені Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Ал осы Абайымызды танытатын «Абай жолы» роман –эпопеясын мектеп оқушылары, тіпті зиялы қауымның өзі түгелдей оқыды деп айта алмаймыз.

Сондықтан биылғы жылы мен өз алдыма мынадай мақсат қойдым:

«Қазақ әдебиеті» пәні арқылы оқушыларды Абай әлемімен таныстыру.

Қазақ әдебиеті  пәні орыс мектебінде аптасына 1 сағат болғандықтан көп шығармалармен танысу, түсініп жұмыс жасау  оқушының өздік білім алу сезімінің жоғарлығына да байланысты.  Қазақ әдебиеті пәніне қызығушылық туғызу үшін  11 сыныптың қазақ әдебиетінің күнтізбелік  жоспарын  жасау барысында әр тақырыпты Абай шығармашылығы, өмірі, өнері,  жалпы айтқанда Абай әлемімен байланыстыруға тырыстым. Әр сабақта қысқа да болса Абай туралы мағлумат беру ,  өтіп жатқан тақырыппен байланыстыру арқылы оқушылардың  құзыреттілігін дамытуға тырыстым. Дәстүрлі сабақ түрінен басқа да жұмыс түрлерін қолдану арқылы қосымша білім алуға жағдай жасадым. Өзіміз  Абай ауданында тұрған себептен Абай қаласында  орналасқан Абай атындағы мұражайға экскурсияға баруды жоспарладым.  Бұл экскурсияның көп әсері болды.  Сыныптан тыс уақытта ақынның өмірі, шығармашылығы, сонымен қатар мұражайда салт-дәстүрлер туралы көп мағлумат алды.    Бұл жұмыстардың нәтижесінде  оқушылар өз шығармашылық жұмыстарымен бір-бірін таныстырды және де бұл жұмыстар бір-бірінен өзгеше болып шықты. Бұл - біздің бірігіп жасаған жұмысымыздың нәтижесі деп тануға болады.

2
3

Комментарии (2)

Аменова Айнагуль,
Пользователь

Қазақ әдебиетіне бөлінген сағат аз болса да қосымша білім алуға жасаған еңбегіңіз нәтижелі болсын! Алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге тілектеспін!!!

Зейтова Анар,
Преподаватель

рахмет. сағат аз, сол осы еңбек жасауға себеп болды