kz ru en

Авторизация


Оқыту мен оқуға жаңаша көзқарас

Оқыту мен оқуға жаңаша көзқарас

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе: «XXI ғасырда нені оқыту керек?» және: «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындауы керек?» болып отыр. Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі– оқушылардың алған білімдерін орынды жерде қолдана білуі. Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету біздің басты міндетіміз. Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Бағдарлама мұғалімге оқушының жан дүниесін түсінуге мүмкіндік туғызатынын байқадым. Ал мұғалім осы мүмкіндікті тиімді пайдалана алуы керек деп есептеймін.

Осы бағдарламаны оқығаннан кейін мен оқыту мен оқуға  деген қөзқарасым өзгеріп, оқушыларыммен қарым-қатынасымда мейірімділік сезімінің арта түскенін байқадым. Оқыту мен оқу үдерісінде  7 модульды ықпалдастырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді құрал ретінде пайдалануға болады. Мұғалім жұмысына жеткілікті уақыт бөле білуі керек, оқушының білім мен дағдыларын дамытуға ғана емес, баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуға икемділік танытуы тиіс деп есептеймін. Осы курсты оқыған мұғалімдерге үлкен міндет жүктеліп отыр: оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізумен қатар мектеп ауқымында өзгеріс енгізу. Ол үшін әріптестеріне тәлімгерлік пен коучингтер ұйымдастырып, мектептің педагогикалық қоғамдастығын құрып, оның жоспарын іске асыруымыз керек. Оқытуды басқаруға өзгерістерді енгізудің тиімді құралдары ретінде  «7 модуль» мен «Көшбасшылықты» пайдалануды жоспарлаймын.      Осы курсты оқу барысында көптеген қиыншылықтар болған кезде, өзімді оқушыдай сезіндім. Оқушының оқыту мен оқу үдерісі барысында қандай күйде болатынын түсіндім. Сол сәтте өзіммен бір топта осындай күйде басқа мұғалімдер де бар екенін, мен жалғыз емес екенімді білгеннен кейін осы кедергілерден өту жеңіл болды. Осы сәтте оқу барысындағы 7 модульдерді ықпалдастыру әдістерінің бірі - топтық жұмыстың тиімділігін байқадым. Себебі  топтық жұмыс кезінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артуына, бір-бірімен диалогқа түсуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар топ мүшелері бір топтағы мәселені ортаға салып, бірігіп шешеді. Мектепте құрған педагогикалық қоғамдастығымда, болашақта құруды жоспарлап отырған желілік қауымдастығым да бір топ болып есептеледі. Топта ынтымақтастық пен бірізділік болса «Көп көтерген жүк – жеңіл.» дегендей, оқыту мен оқуға өзгерістерді енгізу барысында кездесетін көптеген қиындықтарды жеңуге болады.

Оқыту мен оқуға жаңаша көзқарас өзімнің және әріптестерімнің, жалпы мектептің іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізудің бастамасы. Болашақта желілік қоғамдастық мүмкіндіктерін пайдаланып, басқа мектептермен бірлесіп жұмыс істеу арқылы мұғалімдердің жақсы оқытуына ықпал етуге болады. Нәтижесінде, сын тұрғысынан ойлап, алған білімдерін өмірде тиімді қолданатын оқушыларды тәрбиелейтінімізге сенемін.

Макала Сатемирова М.С..docx
2
5

Комментарии (2)

Аменова Айнагуль,
Пользователь

Оқытудағы басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқылы беруге емес, оның өзінің жаңа тақырыпты игеруіне әдістемелік қолдау көрсетуге аударылуы тиіс. Бұл міндеттер педагогтерде қалыптасқан ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, оқытудың қалыптасқан әдістерін өзгертуді талап етеді. Сондықтан педагогтер қатарында инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-ақпарттық  проблемаларды шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуы – бүгінгі басты сұраныстардың бірі. Сонда ғана мұғалімдер білім стандарттарын меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізеді дей аламыз. Қазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға үлкен жол көрсетуіміз керек. Қазір мектепте берген білім әрбір баланың санасында қалып қояды, олар оны орындауға барынша тырысып бағады. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.                                                  

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Келісемін