Мақсаты: Қазақ
халқының ұлттық бас киімдерінің шығу
тарихын, жас ерекшеліктеріне байланысты,ерлер мен әйелдер киетін бас
киімдердің түрлерін зерттей отырып,ұлттық бас
киімдерді заманға сай нақыштап жасау.
Міндеттері :
-
Қазақтың бас киімдері
- Бас киімдердің адам өмірінде алатын
орнын көрсету;
- Бас киімдердің жас ерекшеліктеріне,ерлер және әйелдер бас киімінің түрлеріне
қарай бөлінуі.
Ұлттық киім –бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет –ғұрып, салт-дәстүр
халықтың хал-ахуалынан кең
көлемде жан –жақты хабардар етеді. Қазақ
халқының ұлттық киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы.
Мұның
басты себебі: қазақ халқының
табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты.
қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша
әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк
ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен
билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б.
киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию
дәстүрiнен де байқауға болады.
Бiр
киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп тiгiлген, той-думандарға,
жиын-топтарға барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киетiн сәндi киiмдердi
атаған.
Қазақтың
ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе
дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс,
шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз.
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен
ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді.
Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен
бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының
ұлттық бас киімдері
ХІХ-ХХ
ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген Захарова И.В.
мен Ходжаева Р.Р ер адамдардың
бас киімдерін төмендегідей түрлерге
бөледі:
Ерлер бас киімдері
Тақия - Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім
Қалпақ - Киізден тігілген бас киім
Күләпара - Қалың матадан тігілген басшылық
Бөрік - Тері қапталған жылы бас киім
Тымақ - Аң терісінен жасалып суықта киілетін бас киім
Сәукеле - тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы киетін болған.
Жаулық - Қазақ әйелдері бастарына жаулық салып, оның үстінен маңдайға дейін түсетін жамылғы киеді
Шәлі - Жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар