Абай Құанабаев атындағы №5 мектеп-гимназияның деңгейлі курсты аяқтаған мұғалімдері де жұмыстарын жүргізуде. Өткен аптаның басында "Сабақты зерттеуде Lesson Studi тәсілін қолдану" коучингісі өтсе, апта соңында 3 деңгейлі курсты аяқтаған мұғалімдердің ашық сабақтары өтті. Сабақтары өте жоғары деңгейде өтті. Әр сабақ әр алуан түрде, әр түрлі жұмыс түрлерін қолдана отыра 7 модульді тиімді ықпалдастыра өткізе білді. 3 деңгейлі курсты аяқтаған мұғалімдерді сабақ берудің нағыз шеберлері деп айтуға әбден болады. Бұл сабақтарда көп нәрсе алуға болады.
Еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Мектептеріңізде бірінші деңгейден өткен мұғалімдер бар ма? Егер бар болса, сол кісілер қандай жұмыстар атқарып жатыр? Мұғалімдердің желілік қоғамдастығын ұйымдастыра алып жатырсыздар ма?