Балалардың қателік жасауларына рұқсат ету керек. Өйткені қателескен сайын тәжірибелері артады. Тәжірибе адамды жетістікке жетелейтін жол. Бала бір нәрселер істеген сайын өзінің қолынан келетін нәрселерін табады. Ал егер ата-анасы: «Байқа ұлым, сен бұны істей алмайсың! өзім істеймін», «Байқа қызым, сен бұны істей алмайсың!» деп өмірде үйренуіне мүмкіндік бермесе, мұндай балалар өмірлерінің кейінгі кезеңдерінде де басқаларға мұқтаж болуға бейімделе бастайды. Тым артық қорғаштап қараған отбасыда өскен бала өзін және өзінің қабілетін біле алмайды, өзіне сенімін жоғалтады, ешнәрсеге батылы жетпейді, қате жіберіп алам деген уайым қашанда оны мазалайды. Айналасынан бір көмекші табылып қалар мекен деген оймен алаңдай беретін болады. Шындықтармен жүздесуден қорқатын болады. Әр қадамында қобалжып, өз басымен шешім қабылдай алмайтын болады. Мұндай жағдайда өскен бала, әсіресе ұл бала өмір бойы мұның залалдарын тартуға мәжбүр болады.