Әлеуметтік - сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну қазіргі күнгі негізгі мәселе. Оқушылар озінің түсінігін өзіндік зертеулер мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Жаңа әдіс ретінде "Диалог арқылы оқыту" мен "қалай оқу керектігін үйренуді" қарастырдық, себебі олар әлеуметтік - сындарлылық көз қарасымен тыгыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектеседі. Оқушыларға алған білімдерін өмірде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізуіміз қажет.
Оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында : оқушылар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі.Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенімім мол.
Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.
Бұл оқыту тәсілдерін қолдану үшін қазіргі оқып жатқан курста ой бөлісу арқылы бір бірімізден үйренеріміз көп болады деген ойдамын. Үйрете отырып үйрену керек.
Менің ойымша, бір сөзбен айтатын болсам: курстан алып жатқандармызды сабақтарда қолдансақ пайдаға шығамыз
Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру,заман талабына сай оқыту үшін сабақта оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолданып, алған білімдерін өмірде өздерінің қажеттілігіне пайдалануға тәрбиелеу өте қажет. Осыны іске асырудың жолы жас ұрпаққа сындарлы тұрғыдан оқытып, нәтижесінде ойын еркін жеткізетін, ынталы, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Диалог арқылы оқыту оқушылардың өз ойларын білдіруге мүмкіндігі туады, сындарлы сөйлеуге ынталандырады, білімге құштарлығы дамиды. Ал мұғалімге сабақ барысында оқушы қандай деңгейде екендігін білуге болады. Сондықтан бұл оқытудың әдісі тиімді болады деп есептеймін