kz ru en

Авторизация


Орыс мектебіндегі қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы мәселе

Құрметті әріптестер! Сіздер қалай ойлайсыздар? Орыс тілді мектептерде қазақ әдебиеті пәні сапалы түрде жүргізіле ме? Бізге осы мәселе көп қиыншылық туғызып тұр.

17
9

Комментарии (17)

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ әдебиеті пәнінің оқытылу деңгейі мені де қатты толғандырады. Қазақ әдебиеті пәні жылына отыз төрт рет, яғни, аптасына бір-ақ рет болады. Ал оқулықта берілген ақын-жазушылардың саны одан да көп. Қырық бес минут ішінде  жазушының өмірбаянымен танысып, шығармаларын оқып, әдебиет теориясы жағынан талдап шығу өте қиын деп ойлаймын. 

Туякова Бибигуль,
Преподаватель

Куралай әріптсім! Сол ғой мені де мазалап жүрген енді кімнен көмек сұраймыз?......

Сагатова Айгул,
Преподаватель

Дұрыс айтасыз, бұл оқу жоспарындағы сағат санын, жоспарды қайта қарамай оңай шешіле салатын мәселе емес. Аптасына бәр сағатта оқулықтығы бар материалды қамту әрине мүмкін емес...

Мусабекова Куляш,
Преподаватель

Бибігүл, қозғап отырған мәселеңіз өте орынды.Қазақ әдебиеті арқылы оқушылар батырларымызды,тарихымызды, дастан-жырларымызды,әдет-ғұрыптарымызды біле алады. Ал бұл пән аптасына 1 сағаттан болғанда, аталған байлықтарымызды өзге ұлт өкілдеріне  қалай дәріптей  алар екенбіз? Пән мұғалімдері бұл мәселені аяқсыз қалдырмас деп ойлаймын.

Касимова Дина,
Преподаватель

Орыс мектебіндегі әдебиет пәнінің басты міндеттерінің бірі – оқу материалдары негізінде оқушылардың санасына қазақ халқына деген құрмет сезімін ұялатып, өзі тұратын еліне патриоттық рухты сіңіру . Ұлттық тілдің құнарлы да сұлу айшықтары, сүбелі бейнесі сол халықтың көркем әдебиеті арқылы көрінеді. Биба ,сіз көтерген проблема өте актуалды.Түсінем.Сағат саны өте аз.Саспаңыз,алдымен курсты сәтті аяқтайық.

Смагулова Бейбиткул,
Преподаватель

Бибигүл,сабақтың сапалы өту  немесе өтпеуі мұғалімге байланысты дер едім.Ал сағат саны аз,материал көп болса  ол бағдарламаны жазған практик мамандар емес жоғарыдағы ғұламалар шығар .Орыс сыныптарына қазақ тілінің  сағат санын көбейту керек шығар.

Саттыбаева Гульбагира,
Преподаватель

Саттыбаева Гульбагира Балхашовна

Бұл мәселе көп жыл бойы шешілмей жатыр. Мемлекет жағынан жан ашыр жан жоқ.Аптасына бір рет және бөлінбей сабақ беріледі. Бұл сабақ әдебиетті жақсы көруге емес, керісінше жек көруге келтіреді деп ойлаймын

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Құралай әріптесімен толық келісемін. иә, бұл мәселе көп мұғалімдерді мазалайды. Мемлекеттік стандартты құрастыру кезінде  практик пән мұғалімдердін шақыру керек. Сонда ғана бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын.  

Нашарова Толкын,
Преподаватель

Бұл мәселе көпті толғандырады.Иә. бір сағатта оқу материалын меңгеру  тиімді емес,әдебиет пәнін меңгерту үшін жаңа әдіс-тәсілдер енгізу керек.

Нашарова Толкын,
Преподаватель

Бұл мәселе көпті толғандырады.Иә. бір сағатта оқу материалын меңгеру  тиімді емес,әдебиет пәнін меңгерту үшін жаңа әдіс-тәсілдер енгізу керек.

Бимбетова Мейрамкул,
Преподаватель

Орыс мектептеріндегі қазақ әдебиетін 1 сағат  бергеннен ,бермегені жақсы себебі: орыс мектебінің оқушылары білгісі де , оқығысы да келмейді,өйткені сынақ жоқ, осы пәннен емтихан жоқ, ҰБТ-ғы қазақ тілін есептемейді әдебитке не жорық? Бағдарлама өте күрделі берілген  тек баға үшін жаттайды орыс мектебінің  оқушылары.Сондықтан білім министірлігінің  құлағына алтын сырға...

Жекебаев Саян,
Преподаватель

Біздің мектепте орыс тілінде оқитын сыныптар қазақ тілі мен әдебиетін қазақ сыныптарының бағдарламасымен оқиды. меніңше пәнді оқуға қызықтыру мұғалімнің қолында дер едім

Балтабаев Кулжанбай,
Преподаватель

Орыс сыныптарындағы балалар қазақ әдебиетін де, Қазақстан тарихын да амал жоқ оқиды. Бұл пәндерге олардың қызығушылығы төмен. Әрине, пән мұғалімінің де оқушыларды қызықтырып, әр - түрлі жаңаша әдістермен  сабақ беру сапасын жақсартуын жоққа шығаруға болмас.

Туякова Бибигуль,
Преподаватель

Құлжеке !өте орынды

Шакенов Самал,
Преподаватель

Тағы бір сағат қосқанда олар қазақша сайрап кетер деймісің. Онсызда Күләш екеумізді "Секер башка" қылған жоқ-па " 1 сағатпен қалдырып. (Технология мен НВП) Үкімет бір қолымен беріп жатса екінші қолымен оның орнын толтыруға қарманып жатады ғой. 

Шакенов Самал,
Преподаватель

Өкімет бір қолымен беріп жатса екінші қолымен оның орнын толтыруға қарманып жатады ғой. 

Авдрасол Бахытжан,
Преподаватель

Бибігүл апай? Сіз сияқты өз пәніне жаны ашитын адамдар жоғарыда әр сала бойынша отыру керек.