Мен шығармашылықпен жұмыс істеуді әр ұстаз өзінен бастауы керек деп есептеймін. Шығармашылдықпен еңбек ету арқылы ғана жаңашыл тұлға қалыптастыруға болады.
Мұғалімнің шығармашылығының өлшемдері: өзі сабақ беретін пәніндегі оқушыларының түрлі деңгейдегі олимпиада, жоба, сайыстардағы жоғарғы жетістіктері, оқыту тәсілдерін жете меңгеруі, жаңалықтарға үрке қарамай игеруге тырысуы, түрлі басылымдарға жариялануы, сынып жұмысын тиімді ұйымдастыра білуі деп білемін. Жалпы, мұғалім жұмысының өзі шығармашылыққа негізделген.
Мұғалім жолы-өте қиын да нәзік жол.Оқушының ойын байқамай сындырып алса, қайтіп жамай алмайды.Сондықтан да,шығармашыл мұғалім- әрбір оқушының жүрегіне жол таба білуі керек.
Оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта береді демекпін.
Жалпы кез-келген ұстаздық мамандықты таңдаған адам шығармашыл болуы міндетті деп ойлаймын. Ұстаздық жол түрлі салада шығармашылықты қажет етеді.Ол таңдаған мамандыққа, пәнге байланысты. Шығармашыл оқушыны тек шығармашыл ұстаздар ғана тәрбиелей алады деп ойлаймын.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа форматты мұғалім - шығармашыл тұлға деп түсінемін. Жаңа заман талабына сай жан-жақты ақпараттық технологиялар, озық реформалар арқылы білім беру процесін меңгерген тәжірибелі ұстаз. Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады (У.Уорт)
Осы айтылғандардан бөлек менің айтқым келгені біздің мектептегі мәдени шығармашылық шаралар. Ол бір оқушы мен бір ұстаздың бірігіп ЕКІ ЖҰЛДЫЗ сайысына қатысуы. 7 жұп. Кәсіподақтың көтермелеуімен. Жаңа жыл қарсаңында қардан КОМПОЗИЦИЯЛАР тұрғызу. 22 сынып, жас мұғалімдер, сынып жетекшісі еместер, СВА, Садик, ДК, Акимат, бригадалар, Кафе т.б. Демеуші АЙХАН ш/қ. Кафеде ұстаздардың ұйымдастыруымен өтетін 8-наурыз, Голубой огонек кештері. Бұндай шаралар да мұғалімдерді жаңа қырынан көрсетіп ұжымдастыруға көп көмегі бар деп есептеймін.
Самал Тлепович, мына жасалған нәрселер сіздің еңбегіңіздің жемісі-ау шамасы! Рас, сіз айтқан іс-шаралардың бәрі де ұстаздарсыз өтпейді ғой. Ол да болса дұрыс, әйтпесе бір сарынды сабақ оқи берсек, онда болашақта не боламыз?
Саке, мектебинизде мадени шаралар керемет отеди екен. Ендеше тарбие биринши кезекте тур гой! Одан кейин сапалы билим берип. типти нурландырып жатырсын . Тек табысты. натижели болсын.
Мен жас маманмын. Сондықтан мені қандай мұғалімді шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім деп атайтыны қызықтырады. Сондықтан ой бөліскендеріңізге рақмет. Самал Тлеповичтің мектебінде он саусағынан өнері тамған ұстаздар көп-ау осы. Еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Мұғалімнің шығармашылық деңгейін шәкірттерінің шыңға шығу нәтижесінен байқар едім

14.08.2013
Самал Тлепович, мына жасалған нәрселер сіздің еңбегіңіздің жемісі-ау шамасы! Рас, сіз айтқан іс-шаралардың бәрі де ұстаздарсыз өтпейді ғой. Ол да болса дұрыс, әйтпесе бір сарынды сабақ оқи берсек, онда болашақта не боламыз?
Саке, мектебинизде мадени шаралар керемет отеди екен. Ендеше тарбие биринши кезекте тур гой! Одан кейин сапалы билим берип. типти нурландырып жатырсын . Тек табысты. натижели болсын.
Мен жас маманмын. Сондықтан мені қандай мұғалімді шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім деп атайтыны қызықтырады. Сондықтан ой бөліскендеріңізге рақмет. Самал Тлеповичтің мектебінде он саусағынан өнері тамған ұстаздар көп-ау осы. Еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Шығармашыл мұғалім -әрбір оқушының жүрегіне жол таба таба біледі деп түсінемін.Еңбектеріңіз табысты,нәтижелі болсын.