kz ru en

Авторизация


Ата - аналардың өзгеруі қажет пе?

Біз оқып жатқан І деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі фунциясы - оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерін дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады. Сонда біз өзіміз ғана өзгеріп, жаңашылдыққа бет алып қоймай, барлық әріптестерімізді де өзгертуға күш саламыз. Мұғалім өзгерсе, барлық сабақ беру жүйесі өзгегері сөзсіз. Сонда балаға бас ұстаз болып саналатын ата - аналар тысқары қалады ма? Ата - аналарды да өзгертуге жоспар құру керек. Осы жағдайда алғашқы қадамды неден бастаған дұрыс болар еді?  

 

8
3

Комментарии (8)

Касимова Дина,
Преподаватель

Акшегуль,сіздің қозғап отырған мәселеңіз өте орынды.Ата -  ана   жауапкершілігі  бәрінен   биік   болмақ.   Сондықтан   ата -   ана   басты   талапты   өздеріне   қойғандары   жөн.   баланың   тәрбие   алуына   қоғамнан  өз  орнын   табуына   жағдай   жасауына   әрбір  ата – ана   педагогикалық   әдіс -  тәсілдерге   сүйенгені   дұрыс деп ойлаймын!

 

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгіземіз, білім беру саласына жаңа өзгерістер енгізуге тырысамыз  деген мақсатпен курсқа келіп жүрміз. Үйренгеніміз де аз емес.  Менің ойымша, білім беру саласындағы енгізіліп жатқан немесе болашақта енгізілетін өзгерістер бір жақты болмау керек. Оған міндетті түрде мектептерде құрылған ата-аналар қоғамын да тарту керек. Егер мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы байланыс жоғары деңгейде болса, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші көптеген  белестерді бағындырар едік! 

Акмагамбетова Акшегуль,
Преподаватель

Динара, сіздің жауабыңызға рахмет! Алайда, сол ата - аналарға бағыт - бағдар беру үшін біз бірлескен жоспар құрымыз керек сияқты ғой деймін. Оған қалай қарайсыз? 

Акмагамбетова Акшегуль,
Преподаватель

Ата - аналар қоғамын тарту керек деген бастамаға қосыламын. Сонда біз ата - аналарды ата - аналар арқылы оқытуды жолға қоюымыз керек болар ма екен? 

Туякова Бибигуль,
Преподаватель

сабақта енгізілген өзгерістерден кейін ата ананы ашық сабақтарға шақырып олардың да болып жатқан жаңалықтармен таныстыруымыз керек шығар., бірақ қазақ мектептерінің ата аналары қуанып , құптайтын шығар , ал орыс мектептерінің ата аналарының қызығушылары аз болатын шығар деп ойлаймын , сондықтан барлығы өз қолымызда шығар. Тырысып  көрейік өзгертуге!!

Акмагамбетова Акшегуль,
Преподаватель

Ата аналарды ашық сабақтарға шақырған орыс сыныптарында жақсы болар. Олар барлық жағынан өзгерер.

Сейтенова Гульнар,
Преподаватель

Акшагүл мұғалім, менің ойымша, егер біз болашақта сабақ беру жүйесіне жаңа өзгерістер енгізер болсақ, ата-аналардың одан тыс қалмасы айдан анық. Қазіргі ата-аналар жаңа өзгерістерге оң көзбен қарайды деп ойлаймын. Өйткені кейінгі жылдары білімге жақсы көңіл бөлінуде.Тіпті қазір сол білім ошақтарын сапасына қарап таңдайды және барлық шарттарын орындауға дайын тұрады.Сондықтан оқушы көзқарасы өзгерсе,ата-ана да өзгерері сөзсіз деп ойлаймын.Ол жоспар жұмыс барысында өздігінен келеді.

Акмагамбетова Акшегуль,
Преподаватель

Ия, Гульнар, сабақтарымыздың жалпы құрылымы өзгеріп, деңгейлік тапсырмалар, оқушылардың өздігінен реттеліп, өздеріне өздері баға беру жүйесі, жалпы білім мазмұнының өзгерісі қалыптасса, жұмысымыз да жеңілдеп, бағаға реніш те азаяр еді. онда жұмысымыз да жеңілдер еді.