Тестілеу жүйесі осы уақытқа дейін еліміздің білім саласына біраз өзгерістер әкелді. Шетелдің біршама тәжірибесін жинақтап, өзімізге лайықтап қолданып жатырмыз. Осы бағытта қаржы да бөлініп, түрлі бағдарламалар іске асырылды. Жасыратыны жоқ, жылда тест уақыты жақындаған сайын түрлі мәселелер көтеріліп, сынақтың өтілуіне қанағаттанбайтын адамдар саны көбейіп бара жатыр. Бірақ, мамандары бұл жүйенің әлі де жұмыс істейтінін және болашаққа талай жоспарлардың барын айтады.
Тапсырмалардың сапасы орта мектеп бітірушілер мен мұғалімдерді ғана емес, оқушылардың ата-аналарын да толғандыратыны белгілі. Ендеше, тест тапсырмаларының сапасы жайында сөз қозғайық.
Қазіргі қолданып жүрген Ұлттық бірыңғай тест болашақта деңгейімізді көтере ме?
ҰБТ білім сапасының көрсеткіші болып санала ма?
Өте маңызды мәселе! Тест тапсырмаларында,әрине, олқылықтар бар, бірақ тест тапсырмаларының сапасы жақсарып келеді деп ойлаймын. Тест тапсырмаларына дұрыс жауап беру үшін оқушылар қаншама материалды қайталап, ізденеді, ол білім аламын деген адам үшін өте маңызды. Ал оқығысы келмейтіндер барлық уақытта болған, бола береді де...
Ұлттық бірыңғай тестілеу – мемлекеттік емтиханның жаңа, заманауи түрі. Сондықтан да оған дайындық бұрынғы ескі жүйеден өзгеше, жаңаша болуы қажет. Кез келген оқушының ҰБТ-дан жоғары балл жинап, жақсы жоғары оқу орнына түскісі келеді.Сондықтан оқушының да өзіне қояр талабы өсе береді.
Динара , 2015 жылы логикалық тест тапсырмаларын толық жүйеге енгізіліп, екі кезеңнен тұратын компьютерлік тестке көшеміз.Сондықтан қазіргі уақытта эксперимент түрінде әр пәнге түрлі деңгейдегі логикалық тапсырмалар енгізуде. Биыл физика мен химия пәндеріне енгізілсе, келесі жылы басқа пәндерге қосылуы мүмкін.
Құндыз сенің көтеріп отырған мәселең өте орынды.ҰБТ барлық оқушыларға тиімді білім жүйесі емес.Кей оқушылар тест тапсырмаларын жаттап оқиды,мұндай жаттанды білім тез ұмытылып қалады.Оқушылар ізденіп,түсініп оқулықпен үнемі жұмыс жүргізіп дайындалса өздері үшін өте пайдалы.Логикалық тапсырмалар енгізілетін болса бұл жақсы болады деп ойлаймын.
Құндыз Сериковна, ҰБТ мәселесін дұрыс көтергенсіз.Бірақ сіз айтып отырған логикалық сұрақтар шынымен бала бойындағы білімді көрсете ала ма? Келешектегі тест сауалдары қандай критерилерге сүйенбек.
Жаңаша оқыту жағдайында ҰБТ тиімсіз деп ойлаймын.Тест тапсырмасын жиі алып отыру оқушының білімін шыңдаудан гөрі, жаттандылыққа әкелетін сияқты. Оқушы қабілетін дамытуға көмектеспейді.
Канагат, логикалық тапсырмаларды орындау оқушылардың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Мұндай тәсіл, менің ойымша, білім сапасын көтереді, неғұрлым стандартты тест тапсырмаларын жаттап алғанша
Құндыз Сериковна! Көтерген мәселеңіз өте орынды. Мен:ҰБТ шын мәнінде оқушының білім сапасының көрсеткіші ме? деген ойдамын, себебі кейбір оқушы шын дайындалып жүреді де балы төмен болып қалады,ал кейбір оқушылар жай дайындалып жоғары балл алады да ЖОО түсіп жатады кейде ұстаздар сол оңай жолмен өткен оқушыдан сұраса: Қандай сұрақтар болды ?деп
Оқушы: Мен көбінің жауаптарын білмедім, бірақ белгілей салдым дейді.
Сонда қалай болғаны?
ҰБТ мселесі әрине күрделі үрдіс. Біраз жерлерімен келіспеймін. Мектеп бітірушілердің білім деңгейі әрдайым объективті бола бермейді. Әсіресе орыс тілін қосқандарына қарсымын.
Биылғы оқу жылында ҰБТ тапсыру жекелеген пәндер бойынша қиын болды деп жатыр. Тест тапсырмаларын құрастыруда да шикіліктер баршылық сияқты. Менің ойымша, тест тапсырмаларын тексеру бойынша сынақ бір рет емес, бірнеше рет өткізілсе, жоғарыда көрсетілген олқылықтар болмас па еді. Тағы бір менің түсінбейтінім, орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні, қазақ мектебіндегі орыс тілі пәні бойынша оқушылардың тест қорытындысы бойынша алған ұпайларының берілетін сертификатқа (жалпы ЖОО түсуге) енгізілмеуі. Бұл қандай саясат екенін түсінбеймін. Бұл пәндер енгізілмейтін болса, соған кеткен уақытты басқа пәндерге бөліп берсе болмас па еді!
Куралай, 2015 жылдан бастап екі кезеңнен тұратын компьютерлік тәсілге көшеміз деп жатыр гой. Сол кезде баланың білімін нақты көруге болады деп ойлаймын. Ал тест тапсырмаларын құрастыру кезінде кездесетін проблемалар- бірнеше оқулықтардың ішіндегі мәліметтердің қайшылықтары болуынан. Егер бір сыныпта бір оқулық қана бекітілсе, онда тест тапсырмалардың сапасы да жоғары болар еді.
Один из наболевших вопросов. Но я считаю, что при правильном подходе к составлению тестовых заданий высока вероятность того, что ЕНТ - оптимальный способ проверки знаний.Кстати, база ежегодно обновляется, и экспертизы заданий работают на их максимальную пригодность.
ҰБТ кезінде әрбір оқушы үш сағат ішінде 125 сұраққа тиянақты жауап беруі тиіс. Оның ішінде небір күрделі есептер мен шырғалаң сұрақтар бар. Осы үш сағат балаға өте қатаң талаптар қояды. Қатаң емес, қатал десе де болады. Баланың психикасына ерекше салмақ түседі. Әрбір жасөспірім өз өмірінің алғашқы сынында-ақ оның ең қиынына тап болады – интеллектуалдық сынақ. Жәй емес, күрделі мазмұны өте қысқа уақытқа сығымдалған қуатты ақылой сыны. Бұл - күнделікті кәдімгідей тамақтанып жүріп, бірден он түрлі майлы да ауыр тағамды асата жегізгенмен тең! Немесе – жасөспірімнің жаймашуақ жан дүниесінде кенеттен қолдан боз-боран жасағанмен тең! Бұрын-соңды мұндай сынға түспеген жасөспірімдердің көпшілігінің әлі солқылдақ жан дүниесі тестке дайындық кезінде-ақ дембіл-дембіл стресске ұшырап, өз-өзін жоғалтып немесе «маған бәрібір» деген апатиялық мең-зең күйге шомғанын тәжірибелі ұстаз және ата-ана ретінде жылда көріп жүрмін. Ал ҰБТ кезіндегі және одан кейінгі баланың ахуалын айтудың өзі өте қиын. Неше айлап, күн демей, түн демей көз майын тауыса оқып, уайымдап шаршаған жүйке серіппедей серпіліп тұрып бірден босағанда, оның ақыры қалай боларын бір құдайдың өзі біледі. Спорттық жарыстарда етті ауыртып не сүйек сындырып алу қауіпі бар, ал ҰБТ-да баланың жан дүниесін, рухын сындырып алу қауіпі бар! Және бір-екеу ғана емес, мыңдап жасөспірімдердің жас жанын қолдан қысымға салып жүрміз. Сол қысымға шыдамай, іштей сынып жатқаны қаншама. Жастың жан дүниесін қайта тіктеу, өзіне және өмірге сенімін қалпына келтіру қаншалықты қиын шаруа екенін түсінсеңіздер керек! ҰБТ-ның мың жақсылығы болса да, бір баламыздың бір сәттік жан күйзелі-сіне татымайды. Тіпті, ҰБТ-ға дайындықтың жүйке жүйесіне ауырлығынан салмақ жоғалтып, қабілеті төмендеп, жиі бас ауыру, суықтау, әлсіреу сияқты қиындықтардың да орын алғанын ҰБТ-ға қатысушы жастардан сұрасаңыздар айтып береді.

Мен балалардың ҰБТ тапсырғанына қарсы емеспін. Олар ҰБТ-ға дайындалғанда 5-11 сынып аралығындағы теорияны қайталайды, тек тестімен ғана жұмыс жасамайды. Емтиханға да солай дайындалады. Жақсы дайындалған оқушы өз білімін ақтап шығады.

ҰБТ мәселесі бойынша осы уақытқа дейін қаншама пікірлер болып жатыр. Соның кейбіреулері - жоғарыдағы әріптестердің пікірлері. Өткенде Қазақ телеарнасынан ҰБТ туралы бір хабар болған еді. Сонда бір қарт адамҰБТ-ға рахмет, соның арқасында 3 балам да тегін білім алды деген болатын. Сонда мен де осы пікірге қосылдым. Өйткені ҰБТ ақылы бар, ақшасы жоқ қарапайым халық үшін - нағыз мүмкіндік. Ал қазір білім сапасының төмендеуі кей жағдайда баланың болашақта аұылы білім алатынына сенгендігінен де болар деп ойлаймын. Ал шын мәнісінде білімді саналы алатын, яғни метатанымы жоғары балалар ҰБТ-да қиналмай-ақ өз білімін таныта алады. Ал әлгі майлы ет асағандай кілкілдеген жағдайға ұшырайтын балалар психологиялық дайындығы өз дәрежесінде болмағандар дер едім. Сосын әйтеуір белгілей салдым деп айтқан балалар арқылы барлық түлекті бағалай салуға болмас.Неге десеңіз, бар мүмкіндігін сарқа пайдаланып, күрес алаңынан жеңіс туын тік көтеріп шығатын білімді балалар бар екенін бәріміз де мойындаймыз. Солай емес пе, ӘРІПТЕСТЕР!
Осы мәселе бойынша Гүлзада Әбековнаның пікіріне толық қосыламын. ҰБТ - дан сүрінбей өту үшін бала шын мәнінде 11 жыл бойы жүйелі оқуға тиіс. Егер, бала тек қана соңғы жылы ғана жанталасып дайындалса онда оған білім жағынан да , психологиялық жағынан да өте ауыр болады. Әрине, ҰБТ тапсыру қай балаға болсын жеңіл емес, бірақ шынайы білімі барлар өз деңгейін бәрібір көрсетеді.
Құндыз Сериковна көптің көңілінде жүрген мәселені көтеріп отырсыз.ҰБТ -жаттанды білім екені рас.Кейде оқушыларға сұрақ қойсаң,жауаптарын сұрайтыны да рас.Оны мойындауымыз керек. "Енді оқушыны жаттандылыққа ұрындырмау үшін не істеуіміз керек?" ДЕГЕН МӘСЕЛЕ ТӨҢІРЕГІНДЕ ОЙЛАНЫП ЖҰМЫС ЖАСАУЫМЫЗ КЕРЕК СИЯҚТЫ.
ЕКІНШІДЕН,ҚАРЛЫҒАШ ТЕРЛИКБАЕВНАНЫҢ АЙТЫП ОТЫРҒАН СӨЗІНІҢ ЖАНЫ БАР.бАЛАНЫҢ РУХАНИ ЖАН КҮЙЗЕЛІСІН КӨРСЕК ТЕ КӨРМЕГЕНДЕЙ КЕЙІП ТАНЫТАМЫЗ...Сапа қуып жүріп,оның жан дүниесінің астан-кестен болып жатқанына ат үсті қараймыз.Дайындық керек дейміз.Өзінің мол біліміне сеніп барған оқушының кейде сүрініп жатқанын,ал керісінше одан төмен оқитын оқушының жолы болып жатқанын көргенде "Бақ шаба ма,бап шаба ма" деген осы деп қоя салатынымызда бар.Осы төңіректе ойланайық,әріптестер! Мемлекеттің болашағын тәрбиелеп жатқанымызды ҰМЫТПАЙЫҚ!
Болашағымыздың рухы мықты болуын тілеймін.
Зәуре Алкеновна, мен сізбен келіссемін.Оқушыларды жаттандылыққа ұрындырмау үшін, менің ойымша, әр түрлі деңгейдегі логикалық тапсырмаларды енгізу керек сияқты. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындағанда бір жүйе болу керек деп ойлаймын.
Бұл көптен бері көтеріліп жүрген мәселе және де өзгеретін сыңайлы. Дегенмен бұл сынға алғаш түскен балаларға да оңай болмас. Мен әрі ұстаз, әрі ата-ана ретінде айтсам, жоғарыда Гүлзада Абекеновна мен Құлжабай Байдильдиновичтің айтқанына келісемін. 11 жыл бойы жүйелі оқып жүрген оқушының еңбегі ешқайда кетпейді. Ол өз білімін көрсетеді, дәлелдейді. Менің қыз балам ҰБТ-те жоғары балл алып, "Алтын белгісін" қорғап шықты.
Бақытгул Рымтаевна! Мен сізді шын жүректен құттықтаймын.
Құндыз Сериковна, сізге көп рақмет! Балаң үшін алғыс естіген қандай бақыт десеңізші!