kz ru en

Авторизация


Дарынды және талантты балаларды оқыту

Қазіргі кезде дарынды және талантты балаларды оқыту өзекті мәселеге айналды. Бұл ерекше шығармашылық қабілеті дамыған балаларға қоғам қажеттілігі туындағанымен байланысты. Дарынды және талантты балаларды жастай анықтау, оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінде басты мәселенің бірі. Пікірлер бойынша, дарынды балалар ересек адамдардың көмегін, әсіресе басшылығын мұқтаж етпейді. Алайда жеке тұлға қасиеттеріне байланысты мұндай балалар өздерінің іс-әрекетінің бағалауына ерекше сезімтал болып келеді.
1) Біздің жағдайда зияткерлігі жағынан дарынды балаларды оқытудың қандай стратегияларына көбірек үміт артуға болады?
2) Дарынды балаларды оқытудың біздің жалпы білім беру мектептеріне лайықты қандай негізгі жұмыс түрлері бар?



24
8

Комментарии (24)

Торбаева Алма,
Преподаватель

7 модульді пайдалануға болады.

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Талантты және дарынды оқушыны ерте кезден анықтау, оларды жан-жақты дамытуға септігін тигізетін тапсырмалардың сабақтарда жиі қолданылуы заманауи білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Талантты және дарынды оқушыларды оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары өте тиімді деп ойлаймын. Оқушы сын тұрғысынан ойлауды үйрене отырып, сол үйренгенін сын тұрғысынан бағалай білсе, нұр үстіне нұр болар еді.   

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Әріптестер, менімен ой бөліскендеріңізге көп рахмет. Сәттілік тілеймін.

Ныгметуллина Шамшибану,
Преподаватель

Құндыз, мені де осы проблема көп ойландырады, меніңше оқушылардың талантын бастауыш мектепте анықтап, дамытқан жөн сияқты.Өзім көбіне ата аналармен жұмыс істегенде байқағаным қазіргі таңда көптеген ата аналар балаларының бойындағы талантқа мән бермейтін сияқты, содықтан бұл пролеманы шешу үшін ата аналармен де көбірек жұмыс жасаған жөн секілді.

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Шамшибану, мен сізбен толығымен келіссемін. Егерде ата-ана өз баласының бойындағы дарындылығына мән бермесе, жалғыз мұғалімнің қолынан келмейді.

Чунгэл Бекей,
Преподаватель

Кундыз, мен жоғардағы айтылған ұғымдарға толық келісемін. Бірақ бәрібір, біз дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу керек болады. Сондықтан, бастаушы сыныпта дарындылығы анықталмаса, 5 сыныпта қабылданған кезде, мектеп әкімшілік тарапынан белгілі бір іс-шаралар жүргізу туралы ұсыныстар айтылу керек шығар деп ойлаймын. Біз практикадан өту кезіндегі 6 аптада дарынды және талантты балалармен қалай жетістік шығара аламыз. 

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Әңгіме, топтық интервьюмен пікірталас, дөңгелек үстел, миға шабуыл, ассоциациялық байланыс жүйесі, рөлдік ойындар, ХОБО әдісі, жекелеме практикум, кейс-стади, гарвард әдісі, т.б. сияқты жұмыс түрлері арқылы дарынды балалармен жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бекей мұғалім, сізге сәттілік тілеймін.

Муханова Майра,
Преподаватель

Бәріміздің көкейіміздегі  жүрген тақырыпты қозғағаныңызға көп рахмет,Құндыз. Жыл сайын таланатты және дарынды балалармен жұмыс жоспарын құру, іске асыру әдістемелері, т.т. проблемалы мәселелер.СТО стратегиялары көп қой, бірақ кейбіреулерін білмейді екенмін.ХОБО, гарвард дегендер қандай әдістер екенін ашып түсіндіре аласыз ба?

Смагулова Бейбиткул,
Преподаватель

Бала бойындағы  талантты   бастауыш сыныпта болсын мейлі ,жоғарғы сынып оқушысы болсын мейлі  көретін мұғалім көреді. Бала өз бойымда талант бар деп ойламайды.Бірақ бала ән салсын, би билесін, сурет салсын,есепке жүйрік болсын, сөзге ширақ, есте сақтау қабілеті  жоғары болсын ,өз бойындағы қабілетіне  қарай әрекет  етеді. Бала тұйық бала болсада үндемей  отырып есебін басқалардан бұрын тез шығарады, сурет  салуға  таланты болса тіпті үн-түнсіз беріліп отырып сурет салады. Мұғалім осы талантты дамыта білу керек, ол баланы жоғалтып алмауға еңбек  ету керек дер едім

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Майра мұғалім, қалыңыз қалай? ХОБО әдісін чех ғалымы Борак ұсынған. Бұл әдістің басқа әдістерден ерекшелігі проблеманы топпен шешу. Топтық пікірталас. Әдістің ең маңыздысы - оқушы өзі ақпаратты (әдебиеттерді) зерттеп, проблеманы таңдай біледі, ұжымда (топта) жұмыс істеп, басқа оқушылардың пікірімен санасады да қысқа мерзімде бір шешімге келеді. Ал гарвард әдісі немесе оны қағидашыл келіссөздер (переговоры) деп атайды.

Муханова Майра,
Преподаватель

Рахмет!

Сейтенова Гульнар,
Преподаватель

Иә, дарындылық кіші жастан басталатыны сөзсіз. Жоғарыдағы пікірлерге келісемін. Шамшибану айтқандай, дарынды балалардың қабілетін дамыту үшін біріншіден ата-аналарды іске тартып, шын мәнінде ол баладан дарындылық шығатынына көз жеткізу керек сияқты. Ол мәселе әрқайсымыздың басымызда бар.Дарындылық бір кезде байқалады да, егер оны дамытпаса, тұншығып сөнген жалындай өшіп қалатыны да шындық. 

Касимова Дина,
Преподаватель

Дарынды балалар еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық саналатынын ескерсек, бүгінде оларға жасалып жатқан қамқорлық пен қолдаудың аясы да шексіз,сондықтан әріптестер 7 модульді қолдансақ жемісін көрерміз.

Садуова Жазира,
Преподаватель

Дина! дұрыс айтасың, дарынды балалардың дарындылығын дамытуда 7 модульды қолдану қажет, әсіресе Блум таксономиясының тапсырмаларын қолдану керек.

Орымбет Салтанат,
Преподаватель

Дарындылық іштен туа біткен қабілеттік дамуы ғой , қай мұғалім болмасын сол қабілетті дамытып , дарынды балалардың санын көбейтуге ат салысуымыз керек шығар, оны анықтау үшін біраз тер төгуге тура келеді 

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Рахмет, әріптестер! Менің бірінші коучинг сессиямның тақырыбы "Дарынды және талантты оқушыларды оқыту". Сессияда мұғалімдер дарынды балаларды оқыту үшін стратегиялардың түрлерін талқылап, өздерінің ой пікірлерін айтты. Сессия  қызықты өтті деп ойлаймын.  Сіздердің коучинг сессияларыңыз қалай өтіп жатыр?

Жапабаева Меруерт,
Преподаватель

дарын- ортақабілеттен жоғары деңгейде орындай алатын зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгей емес пе? О жүре келе ізденіп, қабілетін ашқанда көрінетін қасиет. Ал талант туа біткен яғни тума қасиет.3 топ осы тақырып бойынша коп жұмыс жасап, коучинг өткіздік. Дарындылық және талантты ашуда 7 модульді және Блум таксономиясының көмегі көп.

 

1 айда алған біліміміз практикада сәтімен өтсе екен. Барлығыңзға сәттілік тілеймін! Желіде болайық.

Жапабаева Меруерт,
Преподаватель

Жазира апай, дұрыс айтасыз Блум таксономиясы тапсырмаларын дұрыс қолдана білу керек.

Балтабаев Кулжанбай,
Преподаватель

Сабақ барысында Блум таксономиясын қолдану керек деген әріптестер пікіріне толық қосыламын. Қиыншылығы, тапсырмаларды  ойлау сатыларына сәйкестендіруге көп уақыт кетеді. Деңгейлік тапсырмаларды қолданып та  дарынды балалардың қабілеттерін ашуға болады.  Жалпы деңгейлік тапсырмалар да  Блум таксономиясына негізделген.

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Рахмет, әріптестер. Сіздердің пікірлеріңізбен толық келіссемін. Сәттілік тілеймін. Мектептің дамыту жоспарына сіздердің пікірлеріңізді пайдаланамын. 

Жапабаева Меруерт,
Преподаватель

Кундыз Сериковна маған сауалнама бойынша кеңес керек болып тұр.  Сауалнама партфолиоға салынады ма? Барлық алған жауап қағаздарын алып барасыздар ма?

Алпысбаева Бахыт,
Преподаватель

Қай салада көрсеткіштері мол екеніне көңіл бөлу.

Оқушыны оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама

құрастырып,тұрақты жұмыс жүргізе алу.

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Меруерт Секербаевна кіріс пен шығыс сауалнаманың сұрақтарын құрастырып, практикаға барғанда оқушылардан, мұғалімдерден және ата анадан алу керек. Сауалнамының нәтижесін В есебін жазғанда пайдаланасыз. Ал портфолиоға салу керек пе екенін білмейін.

Авдрасол Бахытжан,
Преподаватель

Сәлем Құндыз! Қазақстанда Инклюзивті оқыту үшін қоғамды соған дайындау керек.