Деңгейлі бағдарламаның негізгі мақсаты мектеп мұғалімдерінің өздерінің балаларды белгілі бір тәсілдермен оқытатынын біліп қана қоймай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыратынын түсінуі болып табылады.
Оқу мақсаты мен оның нәтижелері
Мұғалім оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралар оқу мақсаты болып табылады. Осыған байланысты, оқыту және оқу мақсттарына қалыптастыру шаралары төмендегілерді бөлуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?