kz ru en

Авторизация


Желілік қоғамдастыққа шақыру

Бүгінгі күні желілік қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отырғанын бәріміз білеміз. Желілер білім мен инновациялар алмасу  үдерісінде де маңызды екендігі курс бағдарламасында баса атап көрсетілген. Білім беру желісін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды  жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы десек, осы жоғарыдағы мақсатты іске асыру үшін практика барысында мектебімізде біраз шаралар іске асырылып жатыр. № 93 гимназияның мұғалімдері № 88 орта мектепке барып, курс мазмұнымен  және  желілік қоғамдастықтың  мақсат-міндеттерімен таныстырып, ой бөлісу мақсатында  коучинг сессия өткізіп қайттық. Бізді қарсы алған мектеп мұғалімдерінің жаңалыққа жаны құмар жандар екендігін сессия барысында байқадық. Әріптестеріміздің еңбектеріне табыс тілейміз!

Құрметті І деңгей курсынан өтіп жатқан ұстаздар, желілік қоғамдастық бойынша сіздерде қандай іс-шаралар іске асырылып жатқандығы туралы ой бөлісе отырсаңыздар жақсы болар еді!  

9
7

Комментарии (9)

Ныгметуллина Шамшибану,
Преподаватель

Құралай, ісіңе сәттілік тілеймін, бізде, Тасарал ауылына магниттік мектепке барып коучинг өткіздік, ұстаздар риза болды, ауылда интернет жүйесі нашар, сырттан ақпарат алу қиын, ауылдың білікті мұғалімдерінің өз тәжірибелерімен бөлісуі қазір мүмкін болмай тұр, бізге жиі келіп тұруымызды өтінеді, оған жағдай бола бермейді ғой,осы проблемалардың шешуін кім қолға алар екен, негізі ауылда дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамыту мүмкіншілігі шектеулі, соған қарамастан қазіргі таланттардың көбісі ауылдан шығып жатыр ғой. осы мәселе мені көп ойлантады.

Торбаева Алма,
Преподаватель

Ия, келесемін әріптестер, желелік қоғамдастық өте пайдалы. Мен Қарағандыда отырып, Сіздерге әр аймақтарға көмек жасауға тырысамын: Жезқазған, Сатпаев, Шашубай, Қарағанды, Абай, Шахтинск және т.б. Курс біткен соң байланыста боламыз. Сәттілік тілеймын! 

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Құралай, ісіне сәттілік тәлеймін. Менде 77 мектепке барып, бірнеше мектептің биолог мамандармен кездесіп, коучинг сессия өткіздім. Әсіресе жас мамандар қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Сессиям қызықты өтті деп ойлаймын.  

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Ныгметуллина Шамшибану Кабылхайровна:Құралай, ісіңе сәттілік тілеймін, бізде, Тасарал ауылына магниттік мектепке барып коучинг өткіздік, ұстаздар риза болды, ауылда интернет жүйесі нашар, сырттан ақпарат алу қиын, ауылдың білікті мұғалімдерінің өз тәжірибелерімен бөлісуі қазір мүмкін болмай тұр, бізге жиі келіп тұруымызды өтінеді, оған жағдай бола бермейді ғой,осы проблемалардың шешуін кім қолға алар екен, негізі ауылда дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамыту мүмкіншілігі шектеулі, соған қарамастан қазіргі таланттардың көбісі ауылдан шығып жатыр ғой. осы мәселе мені көп ойлантады.Шамшибану, мені де дарынды және талантты балаларды анықтау мәселесі ойландырады. Мектептің дамыту жоспарыма осы мәселерді жоспарлап отырмын.

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Расында да қала мектептерінің  басшылары білім беру саласында болып жатқан іс-шаралар туралы толығымен хабар алып отырады. Ауылға шынымен де қиын. Осыны қолға алар біреу болса, нұр үстіне нұр болар еді. Желілік қоғамдастықты дамытуға жағдай жасаймыз деп № 93 гимназияның мұғалімдері қала мектептерін аралап коучинг сессиялар өткізудеміз. Атқарып жатқан жұмыстарымыз осымен аяқталмайды деп ойлаймыз. Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз. 

Муханова Майра,
Преподаватель

Әріптестер,Құндыз, істеріңізге сәттілік тілеймін.Желілік қауымдастық мұғалімдерге кәсіби білім алмасудағы жаңаша бір бағыт болып тұрған сияқты. Менің басқа мектептермен желілік байланысқа шығу мүмкіншілігім болмады(әр түрлі себептері бар), оқу жылы басындағы ұйымдастыру жұмыстарындағы қауырт шаруалар да кедергісін келтірді деп ойлаймын.Мектеп ішіндегі шығармашылық топтармен үнемі байланыста  болу үшін mail.ru-да желілік қоғамдастық құрдық. Коучингтегі тақырып, оның өткізілуі, болашаққа қандай жоспарлар құруға болады" деген мәселелер төңірегінде ой бөлісудеміз.Қаншалықты нәтижелі болады. білмеймін, болашақ көрсетер...

Авдрасол Бахытжан,
Преподаватель

Салем Құралай! Котеріп отырған мәселең өте орынды. 

Жапабаева Меруерт,
Преподаватель

керемет! Әріптестер сіздердің игі істеріңізді оқып қуанып отырмын. Бұл ақпараттық технологияның дамығандығының бірі көрінісі ғой. Желілік қоғамдастықта ауыл мектептерін аралап, тәжірбие алмасудың ауыл оқушыларына үлкен пайдасы тиер!  Осы істі барлық қаладағы әріптестерім қолға алса. Тамаша бір жоба болғалы тұр. лайым осы игі істеріңіз ұзағынан болсын!

Касимова Дина,
Преподаватель

Құралай, бізде 36  мектепке барып, мектептің мұғалімдерімен кездесіп, коучинг сессия өткіздік. Әсіресе жас мамандар қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Сессиям қызықты өтті деп ойлаймыз.