Қай ұстаз болмасын өз шәкіртінің дұрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше деп ойлаймын.
Баланың сөз мағынасын, сөйлем мәнін ұғынуында мәнерлеп оқудың да маңызы зор.
Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын. Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек.
Екіншіден, әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс.
Үшіншіден, өлең сөздің ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек. Демек, бұдан келіп шығатын қорытынды нағыз мәнерлеп оқи білетін бала қазақ тілі мен әдебиеті теориясынан толық білімді болып шығады екен. Бұлай дейтін себебіміз, егер оқушы қазақ тіліндегі тыныс белгілерін (пунктуация) не үшін қойылатынын, әдебиет теориясында теңеу, эпитет, метонимия, метафора, т.б. сияқты ұғымдардың қандай жерлерде не мақсатпен жазылатынын білмесе, онда оқушының мәтін мазмұнын дәл ұғып, түсінуі қиындау болар еді.
Өзім де қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Индира әріптесімнің тілді дамытуда, оқушы сауаттылығын ашуда, біз, тіл мамандарының қосатын үлесі зор екеніне толықтай қосыламын.
Рахмет! Оқушыларда сабақ барысында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру жолындағы пікірлерімді әлі де жалғастырамын.
Индира, өз пәнімнің мұғалімімен байланыста болатынма қуанып отырмын. Бір-бірімізге қолдау көрсеті отырайық.
Индира, өз оқушыларыңызға мәнерлеп оқу, әр сөздің мағынасын ұғыну т. б. талаптарды жоғары қоятыныңызды Сізбен бірге қызмет ететін әріптес ретінде мен жақсы білемін. Осы талаптарды орындату мақсатындағы сауатты да білімді оқушыларыңыздың түрлі сайыстардан жеңімпаз болып жүргенін айтып өткім келеді. Сізге шығармашылық табыстар тілеймінІ