kz ru en

Авторизация


Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету жолдары(жалғасы)

Мәнерлеп оқуды әр сабақта қолданып,талап етуге болады.

    Мысал келтірсек: Қазақ тілі  

    - Отан, ата-мекен, ата-баба, ұрпақ, қазан-ошақ, ағайын-туыс деген қасиетті сөздер. Осы сөйлемді тыныс белгілерін алып тастап оқысақ, сөйлем өзінің жеткізейін деп тұрған қасиетті ұғымынан мүлде алыстап, түсініксіз былдыр болып шығар еді. Немесе, «Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы»- деген мақалдағы сызықша мен үтірді алып тастасақ та, жоғарыдағыдай жағдайға душар болар едік.

    Бірінші сөйлемді оқығанда бала түсінігінде « Отан, туған жер, туыс, ата-баба» сияқты сөздердің қасиетін ұғатындай ұғым болуы керек десек, мақалды оқығанда бала дарақылық, мақтаншақтық сияқты жаман қылықтардан жиренетіндей дәрежеде болуы керек. Сонда ғана мақал өз дәрежесіне сай жеріне жеткізіле айтылады. Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді келтірейік:

     «Сыр сандықты// ашып қара,

       Ашып қара // сырласым.

       Сым пернені// басып қара;

       Басып қара// жырласын!

       Сұлу сымда// перне әуені

       Перне әуені// жыр айтар

       Көңіл ашар// тербеу әні,

       Тербеу әні //сыр айтар».

      Міне, бұл жолдарды оқығанда оқушы сыр сандықтың адамның жан дүниесі (метофора), сым перненің көңіл – күйі ( метафора) және әр шумақтың бунақ, тармақтан тұратынын ажырата білуі керек, сонда ғана ол ақын жанын түсініп, сезіміне еніп, тыңдаушы жүрегіне сол сұлу сазды, сырлы назды жеткізе алады.

     М. Әуезовтың « Көксерегінде» Құрмаштың әжесінің мына бір сөзіне назар аударайықшы:

    « Түу, мына кәпірдің екі көзі жап – жасыл боп кетіпті – ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара; Қой, балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық»,- деп еді.

Бұл сөйлемді оқығанда оқушы ең алдымен көпті көрген көне көздің байқағыштық қасиетін көре білуі тиіс, екіншіден, бұл сөйлемнің иесі жас адам емес, қарт әже екенін ұмытпауы керек, үшіншіден, қасқыр тұқымының жыртқыштық қасиетін жан – дүниесімен сезінуі қажет. Сонда ғана қарт әженің аузынан шыққан бір ауыз құдіретті сөз тыңдаушысына өз мәнінде жетеді.

1
5

Комментарии (1)

Аменова Айнагуль,
Преподаватель

Әрине, төменгі сыныптан мәнерлеп оқуға көп көңіл бөлу керек. Ал 5-6 сынып оқушысы өлеңді құрылысына, көркем тіліне талдау жасап, ақынның идеясын дауыс ырғағымен (интонация) жеткізе алатындай біліммен қарулану керек. Осылайша кез келген мәтінді оқып, тыныс белгілерін дұрыс түсініп, дикциясын тауып оқитындай дағды қалыптастыру - әсіресе, тіл мамандарының міндеті.