Информатика
{Тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулар: Тапсырмалардың жауаптары тұтас сандар, тұтас сандардың реттілігі немесе символдар жолдары бола алады. Реттілікте сандардың тәртібі болуы маңызды. Жауапқа өлшем бірліктерін жазудың қажет жоқ. Логикалық формуларлардағы ^ белгісі логикалық И белгісін (конъюнкцияны) білдіреді.}
№1. Берілген құрылғылардың ішінде компьютерлік желілерді ұйымдастыруға арналғандарын көрсетіңдер:
1)DVD-ROM,
2)WiFi-роутер,
3)видеокарта,
4)модем.
Жауапта дұрыс жауаптың нөмірін немесе аралықсыз әрі үтірсіз, өсім бойынша бірнеше нөмір көрсетіңдер (мысалы, егер барлық нұсқалар дұрыс деп санайтын болсаңдар, 1234 деп көрсетесіңдер).
Жауабы: 24
№2. 8´8 пиксель өлшемдегі түрлі-түсті монохромды картина жадыда жолдар бойынша сақталып тұр. Қара пиксельге 0 бит, ал ақ пиксельге —1 бит сәйкес. Ретке келтіруші бағдарлама жадының құрамын байтпен көрсетеді, әрбір байт он алтылық цифрмен жазылады. Картинада символ бейнеленген. Егер реттеуші жадыда 00 18 24 04 08 10 20 7E деп жазылғандығын көрсетсе, сол символды көрсетіңдер.
Жауабы:
№3. F логикалық формуласы берілген. Кестеде мына формулалардың мәндері көрсетілген
G = F ^ x,
H = F ^ y,
I = F ^ z.
Бұған қоса, F(0,0,0) = 0 екені белгілі. F формуласының мәнін табыңдар және жауапқа a0a1a2a3a4a5a6a7 мәндерінің тізбегін жазыңдар (бірге, аралықсыз және нүктесіз).
Жауабы: 010111
№4. Цифрлық жазбасы ондық есептеу жүйесінде кем дегенде бір 13 (қатар тұрған 1 және 3 цифрлары) фрагментінен тұратын бестаңбалы дағдылы сандардың жалпы санын табыңдар.
Жауабы: 7
№5. Бағдарламдан екі процесс туындайды. Бірінші процесс деректер пакетін желілік қосылу арқылы алады. Екіншісі — осы пакеттерді өңдейді, 1 секунд ішінде 1 Мбайт деректер өңделеді. Пакет толық алынбайынша, деректердің өңделуі басталмайды. Кезекті деректер пакеті желіде бірінші процестің сауалы бойынша дереу пайда болады. Қабылданған пакет өңдеуге кезекке қойылады. Екінші процесс пакеттердің дайындық шамасына қарай олардың түсу тәртібінде кезектен алып кетеді. Егер кезек бос болса, екінші процесс тоқтап тұрады. Кезектің өлшемі үлкен болғандықтан, кезек шамадан тыс толмайды деп санаймыз. Желі бойынша деректердің беріліс жылдамдығы 1 Мбайт/сек. Желі бойынша пакеттер алынды, олардың өлшемдері 10, 15, 5, 35, 20, 5 және 15 Мбайт. Бірінші пакетті қабылдау басталғаннан кейінгі қанша секундтан кейін бағдарлама соңғысын өңдеуді аяқтайды?
Жауабы: 210
№6. Мектептің терезесі сынды. Мұны үш адам жасауы ықтимал: Вася, Петя және Коля. Сынған терезеге қатысты олар мынаны айтты:
Коля: «Егер Вася терезе сындырса, Петяның бұл жерде кінәсі жоқ!»
Вася: «Егер Коля шынын айтқан болса, бұл жерде оның кінәсі жоқ!»
Петя: «Егер Вася шынын айтқан болса, онда терезені сындырған соның өзі!»
Кейін Петяның жалған айтқаны анықталды. Есімдердің бірінші әріптерін алфавиттік тәртіпте көрсетіңдер (мысалы, егер үшеуі де кінәлі емес деп санайтын болсаңдар, ВКП деп жазасыңдар).
Жауабы: ВКП
№7.
Бестік есептеу жүйесінде жазылған ребусты шешіңдер. Бұл жерде A, B, C әріптеріне әртүрлі цифрлар сәйкес келеді, жұлдызшаларға кез-келген цифрлар сәйкес келеді. Жауабына ABC бестік санын жазыңдар.
Жауабы: 13351