Биылғы оқу жылы Қарағанды қаласында болып өткен "Үшөлшемді компьютерлік модельдеу" бойынша оқушыларға арналған жарыстар біз үшін оң нәтижелі болды.
15 наурызда Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы өткізген "Болашақ инженерлер" жобасының аясындағы I облыстық байқаудан 2-орынды иеленсек;
22-23 сәуірде "3D прототипі" санаты бойынша"Roboland 2017" III Халықаралық робототехника фестивалінде "Күміс алқа" тақтық.