Математика және информатика пәндері онкүндігінің жабылуы "Ақпараттық технологияларды белсендірек игерейік!" тақырыбындағы ток-шоу арқылы өтті.
Интернеттік технология, электронды хабарлар алу секілді ақпараттық кеңістіктің жаңа артықшылықтары хабар алмасу үрдісін тың сапалық деңгейге көтеріп те жіберді. Сөйтіп, олар әлемде қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп те кетті. Дамыған мемлекеттермен бәсекелес болу үшін де IT бағытын белсендірек қолдануымыз шарт. Біздің елімізде де ақпараттық технология саласы бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Ақпараттық технология саласы елімізде, оның ішінде біздің мектебімізде нәтижелі ме? Ақпараттық технологияларды біз қаншалықты қолданудамыз? Осынау өзекжарды мәселені тереңірек қарау мақсатында ортаға шыққан екі топ ортасында дебат жүргізілді:
10А сынып оқушысы Аукенов Бексұлтан: "Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану – бүгінгі күннің талабы. Біз ИТ саласы бойынша бәсекеге төтеп бере алуымыз қажет. Біздің мектебімізде де осы сала бойынша алғашқы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әртүрлі интернет технологияларын қолданамыз. Біз - оқушылар алғашқы роботтарды жасап жатырмыз. Әртүрлі республикалық, халықаралық сайыстарға қатысудамыз. Мектебіміз 3D принтермен жабдықталып, принтерде алғашқы модельдер дайындалып жатыр. Бұл да еліміздегі ИТ саласының дамуына біздің мектебімізден бір үлес болмақ" - деп дебатта қорытынды сөзін айтты.
Бүгінгі заман - Интернеттік технологияның дамыған заманы. Интернет желісінде bilimal.kz сайтында «Ақпараттық технологияларды белсендірек игерейік!» блогы құрылған. Осы блогта «Ақпараттық технологияларды қаншалықты меңгергенсіз? Күнделікті өмірде қандай ақпараттық технология түрлерін қолданасыз?» деген сауалдарға жауап берген оқушылардың мәнді пікірлері айтылды:
""Ақпараттық технологияларды белсендірек игерейік!""
Техника күннен күнге даму үстінде. Ақпараттық технологиясы дамыған елдердің орталықтары бар. АҚШ-тағы «Силикон алқабы». Ресейде «Сколково». Біздің елімізде сондай орталықтың бар екендігін кім біледі? 10А сынып оқушысы Жүмкенов Ермахан бірінші болып жауап берді: "Біздің елде 2005 жылы ақпараттық орталық құрылған. Ол Алатау ИТ паркі деп аталады".
11А сынып оқушысы Молдабек Әділет «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі бойынша дайындаған мәліметі туралы баяндады:
Ток-шоу барысында ауқымды тақырыбымыз бойынша өте жақсы ойлар айтылды. «ИТ технологиясын белсендірек игерейік!» деген көрермендеріміз оң жақ қолдарын көтеріп, «Жақсы» деген сөзді хормен айтты:
Кеш соңында флешмоб ұйымдастырылды. Математика және информатика пәндері онкүндігінде белсенді қатысқан оқушылар дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жарасыйндар!
Флешмобтан көріністер.
Өте тамаша! Жарайсыздар!