Білімал электрондық мектебі мен ақпараттық-танымдық хабы білім жүйесінің сапалық көрсеткішін жақсаруына зор үлес қосатын орта.
Н.Нұрмақов ММИ мұғалімдері мен оқушылары және ата-аналарының бірлесе отырып, қолдануда Білімал электрондық мектебі мен ақпараттық-танымдық хабы мектебіміздің жұмыс жүйесін біршама жеңілдетті десек, артық айтқандық емес.
Мектебіміздің мұғалімдері үшін оқушылардың бағаларын электрондық журналға қою қолайлы болса, білім сапасын көтерудегі электронды мектептің бағдарламалары өте пайдалы болды. Үлгерім көрсеткіштеріне арналған тоқсан сайын есептеуді қажет етпейтін дайын есептер мен мониторинг пән мұғалімдері үшін қолжетімді қызмет жасады. Оқушылардың бағаларын смартфондағы Play Mаркет сервисінің GradeApp қосымшасы арқылы қою ұстаздар үшін уақытты тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы.
Биылғы оқу жылында мектеп директоры Есентай Мұқатайұлының басшылығымен, Білімал электрондық мектебі мен ақпараттық-танымдық хабында белсене жұмыс атқарған мектеп ұжымының бірнеше мүшелерін атап кетуге болады:
директордың ОТЖ жөніндегі орынбасарлары: Ж.Қ.Садуова, З.Ж.Ибраева, Н.Д.Жолмагамбетова, К.Х.Нурдильдина, С.А.Сұлтанов;
пән мұғалімдері: Р.С.Секербекова, Г.Т.Далабаева, Б.Р.Жумадилова, Ж.С.Жетписбаева, Т.Р.Байжигитова, А.Қ.Байжаканова, М.Х.Касимова, М.А.Қауланов, Қ.А.Тулешова, А.Б.Кенжалиева, Ф.А.Сатмолдина, Ш.М.Имангалина, Б.Н.Ахметкаримова, Н.Қаппасова, В.В.Викторов;
Г.З.Әкімбекова–Білімал ақпараттық-танымдық хабтың «Виртуалды олимпиада» курсының жетекшісі, І Республикалық филологтар съезінің делегаты, «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының жүлдегері, «Тіл-таным» бағдарламасы, «Блум таксономиясының теориялық және әдістемелік негіздері» құралының авторы;
А.Т.Сүлейменова–Білімал ақпараттық-танымдық хабтың «Виртуалды олимпиада» курсының жетекшісі, «Тіл-таным» бағдарламасы, «Бейіналды дайындық барысында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары» құралының авторы;
А.А.Темирова–Білімал ақпараттық-танымдық хабтың «Виртуалды олимпиада» курсының жетекшісі және сертификатын иеленуші, «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының жүлдегері, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы, «Шексіз білім алу» /Монреаль, Канада/, ИИЯ РУДН /Мәскеу, Ресей/ Құрмет грамотасы, «Дарын» РҒПО, Республикалық «Өрлеу» БАҰО АҚ грамотасын иеленуші, облыстық «Өрлеу» БАҰО АҚ дипломанты;
С.М.Цемох–Білімал ақпараттық-танымдық хабта 100-ден астам блог иесі, Яна Амоса Коменскийдің медальінің иегері / Мәскеу, Ресей /, ОӘО 1-диплом иегері, орыс тілі мен әдебиеті ӘО «Ең үздік басшысы», ОПМ «Мұғалімнің ең үздік портфолиосы» номинанты;
А.С.Тапенова–Білімал ақпараттық-танымдық хабтың сертификатын иеленуші, «Дарынды балаларға–талантты ұстаз» олимпиадасының жеңімпазы, «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының жүлдегері, «Ғылымтану», «Тәуелсіздіктану» оқу-әдістемелік құралы мен тарих пәнінен деңгейлік тапсырмалар жинағының авторы.
Г.Ж.Жомартова– Білімал ақпараттық-танымдық хабтың қола сертификаты, “Smart blogger” байқауында «Пән мұғалімінің блогы» номинациясы бойынша 1-орын иегері, «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының жүлдегері, «Функционалды сауатты мұғалім» номинанты;
Ж.Б.Ибраева– Білімал ақпараттық-танымдық хабтың қола сертификаты, «Бикош кейіпкерінің бейнесін әзірлеу» байқауының сертификаты, “Smart blogger” байқауында «Пән мұғалімінің блогы» номинациясы бойынша 1-орын иегері, «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының жүлдегері;
А.Ю.Шипицына–Білімал ақпараттық-танымдық хабта «Виртуалды олимпиада» курсының жетекшісі, Қазақстан Республикасында өткен SAA Genius Халықаралық олимпиадасының дипломанты.
Play Market сервисінің тағы бір ерекше айтар Edu-Mark қосымшасы – ата-аналардың смартфонындағы «Күнделік» оқушының алған бағаларын хабарлама түрінде көрсетіп, баланың сабақ үлгерімін қадағалап отыруға септігін тигізумен қатар, ата-аналардың мұғалімдермен байланысын күшейте түсті.
Білімал электрондық мектебіндегі ай және тоқсан бойынша сыныптың рейтингілік көрсеткіштері сынып кураторлары үшін қолжетімді болды. Тоқсан сайын ақпараттық тақтаға ілінген рейтингілік көрсеткіштерден оқушылар өз орындарын, деңгейлерін біліп отырды.
Оқушының білім сапасының жақсаруына өз септігін тигізетін Білімал электрондық мектебінің жылдық рейтингісі бойынша алға озып шыққандар:
Міне, Білімал электрондық мектебінің рейтингісі жүзден озып шығар жүйрік оқушыларымызды бізге алдын-ала айқындап беріп тұр.
Рейтингілік көрсеткіші жоғары болған оқушылардың ішінде «Алтын белгі» иегерлері: Едильбаев Аблай, Хасенов Жалгас, Оспанов Арман, Сайлауов Диас.
«Үздік аттестат» иегерлері: Досжанова Аида, Ахметов Дамир, Кульжанов Диас.
«Жыл оқушысы-2016» номинациясын Танабай Исламбек, ал сыныптар арасында жылдық рейтингілік көрсеткіш бойынша ең жоғарғы ұпаймен «Жыл сыныбы-2016» номинациясын 7В сыныбы (кураторы Г.Б.Арынгазина) жеңіп алды.
Мектеп ұжымы Кеншілер сарайында өткізген «Озаттар шеруі» мерекелік кешінде, «Natige MILK» демеушісі «Жыл оқушысы» номинациясын иеленген Танабай Исламбекке планшет, ал 7В сыныбына принтер тарту етті.
Н.Нұрмақов ММИ мұғалімдері мен оқушылары және ата-аналары бір бағытта жұмыс жасау негізінде білім беру үрдісіне заманауи техниканы қолдана отырып, биылғы оқу жылында жақсы нәтижеге жетті.
Мектептің жұмыс жүйесін біршама жеңілдеткен Білімал электрондық мектебі мен ақпараттық-танымдық хабты ұйымдастырушылардың білім беру саласының дамуына қосқан үлестері мен ерен еңбектерінің табысы толағай болуына тілектеспіз!
Авторлар:
Ж.Б.Ибраева, «Білімал электрондық мектебі» бойынша мектептің администраторы, информатика пәнінің мұғалімі
Н.Д.Жолмагамбетова, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары
А.А.Темирова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жарайсыңдар!
Мақалаңыз өте жақсы жазылған! Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!
Рахмет, Гүлназ!
Макалаңыз мәнді де, мағыналы жазылган! Шығармашылық табыс, тың ойлар және шабыт тілеймін!
Рахмет, Төлеубике!
Мақалаларыңыз өте жақсы жазылған , еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
Рахмет!
молодцы!