Ағылшын тілі
сабағында
Мектепте
5 жыл жұмыс істейтін ағылшын тілінің мұғалімі Сәуле директордың орынбасарын
ашық сабаққа шақырды. Сабақ өте жақсы ойластырылған. Тапсырмалары да
бірінен-бірі өтетін өте қызықты. Мұғалім балалардың жас ерекшелігін, шет ел
тілін оқыту әдістемесін де барынша еске алған. Ауызша сөзді түсіну, шағын
мәтінді аудару, сөздік қорын тексеру жұмыстары жасалды. Жұмыс түрлері ауысып
отырды. Мұғалім: бізге жеделхат келді. Балалар корабльмен келе жатқанда қатты
жел тұрды. Бұл жеделхаттың біраз сөздері түсіп қалыпты. Оларды орнына қоймасақ
біз оларға көмектесе алмаймыз,- деді. Одан соң тақтаға мәтінді шығарды. Оқушылар
мәтінде түсіп қалған сөздерді тез орнына қойды. Сәуле мұғалім оларды
жарайсыңдар деп мақтады. Енді балалар құтқарылатын болды. Осы кезде бір оқушы:
-біз олардың неге қиындыққа тап келгенін анықтап
алған жоқпыз ғой. Мүмкін сөздерді қате
жазған шығармыз,- деді
-жоқ, бәрі дұрыс, біз тапсырманы дұрыс орындадық.
Олардың неге ол жағдайға тап болғаны маңызды емес. Мен бұны сендерді ойнатайын
деп өз ойымнан құрастырдым,- деді мұғалім.
Бала ойланып қалды. Сабақ аяғына дейін басқа
жұмыстарды нашар орындап отырды. Сабақ
аяғына дейін тағы бірнеше тапсырма орындалды. Тапсырмалар қызықты
болғанмен оқушылар сылбыр бола бастады,
мұғалімнің тапсырмаларын сабақ басындағыдай белсенді орындай алмады.
Талдауға арналған сұрақтар:
1.
Оқушылардың
шаршау себебі неде деп ойлайсыз.
2.
Мұғалім
қандай қателік жіберді. Сабақта болған жағдаятты шешу үшін не істеуге болар еді
деп ойлайсыз.
Менің ойымша, мұғалімнің шеберлігі жетіспейді. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім жеделхатты сәтті ойластырғанымен, өзінің өтірігін өзі шығарды. Нәтижесінде оқушылардың көңілі су сепкендей басылды. Сәтті ойластырылған сабақ оқушымен болған диалогтан соң сәтсіздікке ұшырады. Мұнда да корабльмен келе жатқан оқушылардың көңіл күйі мұғалімнің сөзінен соң дауыл тұрғандай болды.