Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындағанда кітаптардан гөрі, электрондық кітаптар мен интернетті қолданған тиімдірек.
Сіздерде қалай?
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындағанда кітаптардан гөрі, электрондық кітаптар мен интернетті қолданған тиімдірек.
Сіздерде қалай?
Олимпиадаға оқушыларды дайындау өте өзекті мәселе мен үшін. Себебі оған арнайы уақыт (сағат) берілмейді. Және де онсыз да жұмыс бастан асады. Дегенмен оқушылардың өз бетімен жұмыс алайтын қабілетінің арқасында осы жағдайдан әйтеуір бірдеңе ғып шығып жүрміз...
Оқушыларды дайындаған кезде мен барлық қандай материал бар соның бәрін беруге тырысамын, оқулықтар, сөздіктер, есеп шығаратын мәліметтер және де әрине көбінесе электронды түрде беремін. Өйткені, біріншіден, олар әлі бала ғой, жоғалтып алады кітаптарды. Менің студент кезінен жинап келе жатқан кішкентай кітапханамның бірнеше кітабы осылай жоғалды :(. Екіншіден, оқушылар кітапты ауыр ғып тасып жүргісі келмейді, оларға планшет, телефоннан оқып, дайындалған ыңғайлырақ.