Оқушының көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмендеуі менің алдымда мынадай сұрақтарды қоюға мәжбүр етті: "Балалардың көркем әдебиет оқуға не үшін ынтасы жоқ? Болашақта біз алдындағы қатарлы елдермен тереземіз теңесу үшін баланың кітап оқуы қажет пе? Кітап оқымай-ақ компьютерді білумен де биіктерге жетеміз дегендердің әрекеті дұрыс па? Көркем әдебиетті көп оқығаннан біз нені ұтамыз? Ұлтымыздың өткен өміріндегі жетістіктерді сол ғылыммен бірге көркем әдебиетті көп оқыған , ұлтымыздың барлық киелі қасиеттерін өз бойларына сіңірген тұлғалардың арқасында қалыптасты емес пе?"
Ал,сіз қалай ойлайсыз,әріптес?
Көркем әдебиетсіз қандай оқушы қазақ тілін терең меңгереді, сөздің мағынасын түсінуден қалады ғой?
Мен оқушыларым не оқитынын білу мақсатында сауалнама жүргіздім.Нәтижесінде оқырмандық қабілеттерінің аздап болса да бар екеніне көз жеткіздім.