Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов “Көксерек-түз тағысы”
Сабақтың мақсаты: 1. Табиғат тақырыбы мен адамдар тағдырын қатар суреттеген “Көксерек” әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, автордың көзқарасына бойлау;
2.Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, мағынаны тануға,түсініп оқуға дағдыландыру, шығармашылыққа баулу;
3. Табиғатты қорғауға, табиғаттың әрбір перзенттінің орны ерекше екенін айтып түсіндіріп, табиғат пен адам қарым-қатынаста болатынын түсіндіру;
Сабақтың түрі: білімді жинақтау.
Сабақтың әдіс-тәсілі: “СТО” технологиясының стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы суреті, Табиғат аясындағы қасқырдың суреті. Слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Экология ,география.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Қызығушылықты ояту:
Миға шабуыл
ІІІ. Мағынаны тану:
а)Әңгіме бөлімдеріне ат қою.
ә)Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.
б)Кубизм әдісі.
в)Қай сәт бейнеленген ? ойыны
IV. Ой шақыру:
Проблемалық сұрақтар.
Бес жол өлең стратегиясы
V. Қорытынды:
Ой түю стратегиясы
VІ. Бағалау
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу,сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларды топқа бөлу.
І слайд Миға шабуыл. (сұрақ-жауап)
1. М.Әуезовтің туған жері
(Қазақстан шығысындағы Семей өңірі Шыңғыстау етегі.)
2. М.Әуезовтің есімі берілген басты кешендер?
(Ғылым академиясының әдебиет және өнер институтына,Қазақтың мемлекеттік драма театрына)
3.1919 жылы қай жердегі мұғалімдер семинариясын бітірді? ( Семейдегі)
4.Шығарманың тақырыбы дегеніміз не?, идеясы дегеніміз не? (Шығармадағы автор көтерген басты мәселе тақырып деп аталады. Сол тақырыпты танытудағы жазушының ойы мен көзқарасы шығарманың идеясы болады.)
5.М.Әуезов ұлы Абайға арналған еңбегі үшін қандай атаққа ие болды?
(КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Лениндік сыйлықтың лауреаты атағын алды.)
6. Мұхтар Әуезовтың әңгімелері
7. Алғашқы жазған хикаяты «Көксерек» повесті
8. Шығарманың жазылу себебі (Валентина )
ІІ Мағынаны тану.
Әңгіменің бөлімдеріне ат қою.
1-топ. І,ІІ,ІІІ бөлім
2-топ. IV,V бөлім
3-топ. VI,VII бөлім
Шығарманы құрылысына талдау.
Композициялық элементтер
Композициялық жоспар тәсілдері
1) Оқиғаның басталуы
Қасқырлар мекені, тағылар тағдыры.
Суреттеу,
2) Оқиғаның байланысы
Бөлтіріктерге жасаған адамдар қаталдығы.
Баяндау
3) Оқиғаның дамуы
Қарадыр еліндегі мазасыздық
Әңгімелеу
4) Оқиғаның шиеленісуі
Көксеректің адамдардан көрген жәбірі.
Суреттеу,баяндау
5) Оқиғаның шарықтау шегі
Көксеректің сатқындығы, Құрмаш қазасы.
Суреттеу
6) Оқиғаның шешімі
Аққасқаның Көксеректі өлтіруі, Көксеректің жазасы.
Суреттеу , баяндау
Кубизм әдісі:
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Ш.Айтматовтың «Жан пида»романы мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де,Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
Қай сәт бейнеленген?
…..Ертеңіне түсте жат иіс шықты,алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп,жақындап келе жатты.Күшіктерді жоталарынан тістелеп,індерге тығып-тығып тастап,ақ қасқыр қараған ішіне кірді.
......Екпіндеген
бетімен,жолында жасқап тұрған Құрмашқа қарамастан,келе Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп,қауып түсті.
......Сол кезде түйе үстінен бір ұзын нәрсе шошайып созылды да,күрс етті.Өлгенше қатты ащы дауыс даланы сілкіндіріп,шошытып жіберді.Бар қасқыр қар боратып ытқып,қашып жөнелді.
Талдау.“Кім кінәлі” (проблемалық сұрақтар)
1. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
2. Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
4. Қасқырларды қолға үйретуге бола ма? Қалай дәлелдер едіңдер?
Бес жолды өлең стратегиясы бойынша «қасқыр», «аңшы»сөздеріне бес жолды өлең жазу
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
сөйлем
синоним
Қорытынды. Сұрақ-жауап
-Бұдан шығатын қорытынды не?-Табиғатты аялауымыз керек, табиғат тіршіліктеріне зиянымызды тигізбеу керек.
«Көксерек әңгімесі» бізді неге үйретті?
Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ. Себебі, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік сақталуы тиіс.
Ой түю стратегиясы. Менің көзқарасым.....
1. Хикаятты оқығанда мені қызықтырғаны: ........
2. Мен үшін ең аянышты жері: ..................
3. Хикаяттан алған тәрбием: ...........................
Үйге тапсы
Бұл жерде оқушылардың әртүрлі жұмыстарынан сабақтың мақсаты жүзеге асырылғанын көруге болады.Мен де сабақта осы әдістерді қолданамын.