kz ru en

Авторизация


Мағжан Жұмабаев "Педагогикасынан":

"Біреуді біреу аяп,  қайғысына ортасқандай, қуанышына ортақтаспайды. Біреудің қуанышына ортақтасу күншілдік пайда болады. Бұл - жалпы адамзаттың бір төмен . өнімсіз мінезі. Бір ғалым айтыпты: "Қайғыға ортақтасу үшін адам болу жетеді.      Қуанышқа ортақтасу үшін періште болу керек"- деп.

    Кейбір адамдардың жаны өмір бойы бір күйде болады. Мысалы, туғаннан бері тарлық, кемдік, жоқтық, науқас көрмеген адам ылғи қуанышты, шат болады. Өмір бойы кемдік, тарлық көрген қуқанжыға адам жадырауды білмейтін болады"

Мағжан Жұмабаевтың осы бір тұжырымын бүгінгі таңда сол қалпында қабылдауға бола ма қалай ойлайсыздар?

6
11

Комментарии (6)

Танабаева Замзагуль,
Преподаватель

Менің ойымша болады.

Болатов Айбек,
Преподаватель

Толық келісем!

Зейтова Анар,
Преподаватель

Егер "Кемдік " деп  бұл жерде адамның рухани байлығын айтсақ ,  онда толық келісем. Ал кей адам физиологиялық кемдігі болса, онда керісінше ,  қиындықты көп көрген жандар əр атқан таңға,  айналадағы адамдарға қуануды бізден артық біледі. 

Aсанова Индира,
Преподаватель

Бұл жердегі кемдік рухани да, материалдық та болуы мүмкін, физиологиялық кемдік емес. Менің ойымша сол заманның келбетіне қарап айтқан болуы керек.

Маратова Айгул,
Преподаватель

МЕн осы оймен келісемін. Қуаныш та, Қайғы да өмірдің ажырамас бөлшегі

Секебаева Саягуль,
Преподаватель

Мағжан Жұмабаевтың бұл тұжырымындағы әрекеттер қазіргі таңда да кездесуде. Қуанышында ортақтасу әр пенденің қолынан келмейді. Қызығып тұрып, қызғаныш әрекеттер де жасауы да мүмкін. Ал туғаннан жоқтықты, тарлықты көрмеген адамның бәрі бірдей қуанышты, шат бола бермейді. Олардың да жабырқаулы күйі болады. Ал науқас, тарлық көрген адам бір сәт болсын өзіне деген сенімі оянса, жақын адамы жанында болса, ол кісілердің де қуанышты күйін көруге болады.