Сабақтың
тақырыбы: Пластикалық алмасу. Нәруыз биосинтезі.
Сабақ мақсаты: нәруыз
биосинтезінің транскрипция және трансляция кезеңдерін талдау; метаболизм туралы
білімді қалыптастыру;
Сабақ міндеттері:
Тірі организмдегі нәруыздардың
маңызын еске түсіріп, нәруыз биосинтезіне қатысатын заттар және олардың
қызметімен танысу
Керекті құрал-жабдықтар: «Нәруыз
биосинтезі» аппликация жинағы, ДНҚ түпнұсқасы, интерактивті тақта, оқушының
нұсқаулық парағы.
Сабақтың түрі: жаңа
тақырыппен танысу
Сабақтың барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың
сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру. Жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында
бір-біріне үнсіз сыйлық жасап, ілтипат көрсету.
2.
Тақырыпты анықтау
кезеңі.
Сабақ
тақырыбын өзіміз анықтап көрейік. Ол үшін алдарыңда жатқан нұсқаулық парағын
алып, ондағы бірінші тапсырмамен танысыңдар. (оқушылар өз ойларын айтады, оның
ішінде барлыңы органикалық заттар деп айтуы мүмкін, нәруызбен байланысты деп
айтқан ой болса өте жақсы). Оқушылар таба алмаса,мұғалім бұлардың барлығы да
нәруыз синтезіне қатысады деп бүгінгі сабақ тақырыбын, мақсатын айтады.
3.
Жаңа сабаққа
кіріспе кезеңі.
Жаңа сабаққа
кіріспес бұрын нәруыздар туралы білетін білімімізді еске түсірейік. Ол үшін
нұсқаулықтағы екінші тапсырманы орындаймыз. Көріп отырғандарыңдай нәруыздар
ағзада өте маңызды қызметтер атқарады. Оларыз тіршілік мүмкін емес. ағза өсу,
даму үшін нәруыздар синтезделіп отыру керек. Осы үдеріс қалай іске асатынын
зертеуді бастайық.
4.
Жаңа тақырыпты
меңгеру кезеңі.
Сендер
нәруыз туралы ақпараттың ДНҚ-да жазылғанын білесіңдер. ДНК-ның мономері
нуклеотид , олардың төрт түрі бар. Нәруыздар болса амин қышқылдарынан тұрады.
Сонда төрт нуклеотид арқылы 20 амин қышқылы туралы ақпарат қалай жазылуы
мүмкін. (Оқушылар бірнеше нуклеотидтің комбинациясы туралы болжам айтады. Олай
болмаған жағдайда мұғалім төрт әріптен бірнеше сөз құрауға бола ма? деген
жетекші сұрақ арқылы триплет ұғымына алып келеді. ). Оқушыларға интерактивті
тақтаға шығарылған ДНҚ кодының кестесімен жұмыс істеуді көрсетеді.
Келесі
проблемалық сұрақ қойылады. Нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ ядрода
орналасқан, ал рибосома болса цитоплазмадағы ЭПТорналасқан. Екеуі де қозғалуға
қабілетсіз. Сонда ДНҚ-да жазылған ақпарат рибосомаға қалай жеткізіледі.
Оқушылар а-РНҚ туралы айтады. Ендеше, оқулықтан ДНҚ-дағы ақпараттың а-РНҚ жазып
алу үдерісі қалай аталатынын, қалай жүретінін қарастырыңдар. Терминді сөздік дәптерге жазып алыңдар.
Осыдан соң
оқушылар трасляциямен танысады. Нұсқаулық парақтағы терминдермен жұмыс істейді.
5.
Білімді бекіту
кезеңі.
Нұсқаулықтағы
4,5 тапсырманы орындаңдар.
Төрт оқушы
біріге отырып нәруыз биосинтезі аппликациясын жинап, түсіндіріңдер.
6.
Бағалау кезеңі.
Өзін-өзі бағалау парағын толтырыңдар.
7.
Кері байланыс. Бүгін сабақта не білдіңдер?
Қандай жұмыс түрі ұнады, несімен? Қандай жұмыс түрі ұнаған жоқ. Неліктен?
Оқушының нұсқаулық парағы
1тапсырма. Төменде берілген құрылымдарды атап шығыңдар да, олардың қандай
ортақ белгілері бар екенін анықтаңдар. (ДНҚ, а-РНҚ, т-РНҚ, амин қышқылдарының ортақ формуласы, АҮФ қышқылының формуласы, рибосома суреті беріледі)
2 тапсырма. Нәруыз туралы
білетін ақпараттарыңды еске түсіріңдер.
Нәруыз – биологиялық полимер,
оның мономері — _________________
Нәруыз молекуласының қызметі:
__________ , __________ , _________,
__________ , __________
, __________ .
3 тапсырма. Нәруыз биосинтезіне қатысатын заттардың атқаратын қызметін
анықтаңдар. Ол үшін төмендегі кестені толтыру қажет.
Нәруыз биосинтезіне қатысатын заттар.
р/с |
құрылымдар |
Атқаратын қызметі |
1 |
ДНҚ |
|
2 |
рибосома |
|
3 |
а-РНҚ |
|
4 |
т-РНҚ |
|
5 |
АҮФ қышқылы |
|
6 |
Амин қышқылдары |
|
7 |
ферменттер |
|
4. Төмендегі тапсырмаларды
орындаңдар:
ДНҚ: ААГ-ГГЦ-ТТА-ЦЦЦ-ТТТ нуклеотидтер реті
осындай болса, осы бөлікте жазылған
амин қышқылдарының ретін
анықтаңдар.
5. Егер а-РНҚ: АУГ-ЦУУ-УУА-ГУУ-АГА-ГУГ болса, оған
сәйкес
ДНҚ-дағы нуклеотидтер реті қандай болады
5.Төмендегі терминдерге
анықтама беріңдер.
Транскрипция
: ___________________________________
Трансляция
: _____________________________________
Ген__________________________________________________________________________
Генетикалық код______________________________________________________________
Кодон________________________________________________________________________
Антикодон____________________________________________________________________
Триплет______________________________________________________________________
Интрон______________________________________________________________________
Экзон_______________________________________________________________________
Сплайсинг____________________________________________________________________
Информосома_______________________________________________________________
Өзін-өзі бағалау парағы
Табыс критерийлері |
дескрипторлар |
жеттім |
талпындым |
Білу, түсіну |
Нәруыздың құрылысын,
атқаратын қызметін білуі |
|
|
Нәруыз синтезіне қатысатын
заттардың қызметін білу |
|
|
|
Траскрипцияның принципін
білуі |
|
|
|
Терминдерді білуі |
|
|
|
Білімін қолдану |
Генетикалық код кестесі
бойынша жұмыс істей алуы |
|
|
Нәруыз биосинтезінің моделін
жинап, түсіндіре алуы |
|
|
Коллеги, все, что вы размещаете на Билимале вы в OБЯЗАТЕЛЬНОМ порядке должны размещать на сайте cpm.kz. Не смотря на то, что вы закончили обучение, вы по-прежнему являетесь членами не только областного сообщества педагогов , но и профессионального сообщества РК. Поэтому сразу размещайте и там и там , пожалуйста. Все что здесь , я буду проверять и там. спасибо