Сабақтың мақсаты: 1. Есеп шығарудағы дұрыс безендіру дағдысымен
білімділігін қалыптастыру және оқушылардың
өздік іс-әрекетін дамытуды жалғастыру.
2. Есте сақтау, ойлау, қабылдай алушылықты
дамыту.
3. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: есеп шығару
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Есепті шығаруыңа байланысты формулаларды сұрап шығу.
ІІІ. Зертханалық жұмысықа талдау жасау.
Оқушылардың зертханалық жұмысынан кеткен қателіктерін жөндеу, ол үшін әркімнің қателігін жеке- жеке айтып шығу.
IV. Есептер шығару.
№1
Горизонталь жазықтықта қатаңдығы к серіппе көмегімен қабырғаға бекітілген массасы m кішкене шар жатыр. Шарды тепе-теңдік күйінен х0 қашықтыққа жылжытады да, оған бастапқы жылдамдық беріп, солға қарай итереді. Тербеліс амплитудасын табыңдар. Серіппенің массасы мен үйкеліс ескерілмейді.
Берілгені:
Шешуі:
мұндағы А – тербеліс амплитудасы. Энергияның сақталу заңына сәйкес немесе
№2
Берілгені: шешуі:
Тербеліс периоды 1 с математикалық маятниктің ұзындығы қандай болуы керек ?
№3
Балықшы су айдынындағы толқынды бақылай отырып, қалтқысының жанынан 10 с ішінде толқындардың 3 өркеші өткенін байқады. Толқынның ұзындығы мен оның тербеліс жиілігі қандай? Толқынның таралу жылдамдығын 2 м/с-ке тең деп есептеңдер.
Берілгені: шешуі:
№4.
Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10 Гц, шыбындыкі 300 Гц, масаныкі 450 Гц. Олардың қанаттары 1 минутта қанша тербеліс жасайтынын есептеңдер.
Берілгені:
Шешуі:
V. Үйге тапсырма:
Толқындар тарауын қайталау.
VI. Қорытынды.
Шығарған есептеріңе қарай бағалаймын.