kz ru en

Авторизация


Толқындар тарауын қайталау

Сабақ мақсаты:

Білімділік: тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, білімдерін жадына сақтау, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, осы заңдардың қоршаған ортада бар екеніне көз жеткізу.

Дамытушылық: сандық, сапалық есептер шығару арқылы ой-өрістерін арттыру.

Сабақтың түрі:  қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі:   тест арқылы

Көрнекіліктер: тест тапсырмалары

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, сабаққа назарларын аудару.

І. Бақылау жұмысынан кеткен қателіктерді шығарып, түсінік аламыз.

ІІ. Сабақ тест арқылы:

1. 5 с ішінде материалық нүкте 6 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігін есептеңдер.

2. Механикалық және электромагнит толқындар тасиды

А) ортадағы орналасқан денелерді В) ортаның бөлшектерін С) затты Д) массаны Е) энергияны

3. Жиілігі 200 Гц электромагнит тербеліс периодын анықтаңдар.

4. Толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқулары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің ара қашықтығының атауы:

А) ығысу В) амплитуда С) резонанс Д) ауытқу Е) толқынның ұзындығы

5. Жиілігі 740 Гц дыбыс толқынының суда таралу жылдамдығы 1480 м/с. Толқын ұзындығы неге тең?

6. Электрмагнит тербеліс периодының формуласын жаз.

7. Серіппелі маятниктің тербеліс периодын анықтауға арналған формуланы жазыңдар.

8. Қозғалыстағы электр заряды элетрмагниттік толқындар шығаратын жағдайды көрсетіңдер.

А) гармоникалық тербелісте В) кез келген үдемелі қозғалыста С) шеңбер бойымен қозғалыста Д) кез келген үлкен жылдамдықты қозғалыста Е) кез келген қозғалыста

 

 

 

ІІІ. Анықтаманы аяқтаңдар:

Механикалық толқын деп ... .

(тербелістің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі)

Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды ... деп атайды.

( көлденең толқындар)

Толқын жылдамдығы деп ... .

(толқын ұзындығының бөлшектердің Т тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама)

Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды ... деп атайды.

( бойлық толқын)

Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары толқындар ..., 16 Гц-тен төмені ... деп аталады.

(ультрадыбыстар, инфрадыбыстар)

Музыкалық дыбыстар деп ...

 (камертондардың н/е басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары)

Жаңғырық - ... дыбыс толқындары.

(қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған )

Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы ... деп аталады.

( реверберация)

Электромагниттік толқын деп ...

(Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын)

Вакуумдегі электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы ...тең.

()

 Үйге тапсырма:  5 -  тарауды қайталау

Қорытынды. Оқушыларды бағалап, қорытындылау.

тег: физика
0
1

Комментарии (0)