kz ru en

Авторизация


Физикалық тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың білімі мен біліктілігін, оларда қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.

2. Оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағдысы деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру.

3. Оқушылардың жауапкершілік сезімін арттыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу,  сынып тазалығын тексеру,назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жұмыс тапсырмасы.

«Жұмбақ шешейік».

№1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың.   (Жол)

№2. Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт)

№3. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық)

№4. Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу)

№5. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     (Күш)

№6. Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек.  (Тығыздық)

№7. Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады.      (Қысым)

№8. Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.        (Масса)

 

ІІІ. Физикалық сұрақтар тапсырмасы:

Неліктен транспорт қозғалысы кезінде тиым салынған белгіге қызыл түс алынған, басқа түс алынбаған?

(қызыл сәуленің толқын ұзындығы үлкен, атмосфераға аз шашырайды)

Ылғал топырақ жарықты жақсы өткізеді. Неліктен?

  (Құрғақ топыраққа қарағанда жарықты жақсы шағылдырады.)

Китте, дельфинде ультра дыбыстың көзі не?

 (Китте, дельфинде бас сүйегінің үстінде ауамен толтырылған өзіндік қапшық болады)

Төбесіне жүк қойып көтеріп келе жатқан адамның пішіні сымбатты болып көрінеді. Неліктен?  (ауырлық центріне сәйкес тепе-теңдік сақталады)

Көптеген құстар бір ғана биіктікте қанатын қақпай-ақ қалықтап тұра алады. Неліктен?

 (ауа ағысы құстың қалықтап тұруын қамтамасыз етеді.)

Су неліктен отты өшіреді?

(Ыстық нәрсеге жанасқан су, одан көп жылу мөлшерін алады да, буға айналады. Бу тез көлемде жайылады. Бу ауаны ығыстырып шығарады. Ал ауасыз жану болмайды.)

Суда бағдарын жоғалтқан жүзгіш төмен мен жоғарыны қалай ажыратады?

(ауа көпіршіктерінің қозғалысын байқау арқылы).

Электр тоғы қарағайдың ішіне енбей сыртқы қабаты арқылы өтеді.  Неліктен?

 (қайығы мен қабат астындағы қабаттың электр кедергісі көп).

Мұзбен күйдіруге, ыстық суда қалайыны балқытуға бола ма?

 (атмосфералық қысымның 40 атм мәнінде 2490С температурада қайнайтын суда қалайыны балқытуға болады. Ал қысым 20000 атм болғанда мұз 750С температураға дейін балқымайды).

Тау жыныстарының қуысына жиналған су тауды жарады. Бұл неліктен?

 (Түнде қуысқа жиналған су қатып, көлемі үлкен мұзға айналады. Ол мұз қуыс қабырғаларын зор күшпен сыға отырып, жынысты жарады.) 

Неліктен рельс арасында саңылау қалдырады?

 (Жазды күні күн ысығанда ысыған рельс едәуір ұзарады, яғни деформацияланады. Саңылау деформация үшін қажет).

Қандай балықтар тірі электростанциялар деп аталады? Олар туғызған кернеудің шамасы неге тең? (жылан балық, жайын, скат кернеудің мәні 700-800В дейін жетеді).

Адамды шаққан кезде маса қандай жұмыс атқарады.

 (өте аз 10-7 Дж).

«Клемма» сөзі неміс тілінен алынған. Қазақша мағынасы нені білдіреді?

 (қазақша қысқыш деген сөз).

Мұхит түбінде тапанша атыла ма?

 (тапаншадағы оқ 3*107Па қысыммен атылып шығуы тиіс. 3000м тереңдікте қысым сондай. Сондықтан атылмайды.)

Адамның шашын, қасын, мұртын, аязды күні қырау шалатыны неліктен?

 (тыныс алғанда шыққан бу суықта конденсациялады.)

Құтқарушы белбеуді көбінесе тығыннан жасайды. Неліктен?

(тығынның тығыздығы судың тығыздығынан аз).

Басқа ағашқа қарағанда найзағайдың еменге жиі түсетіні неліктен?

(тамыры топырақтың сулы қабатына жеткен ағаштар мейлінше жақсы жерлестірілген.  Сондықтан ондай ағашта бұлттың зарядына қарсы таңбалы заряд жерге өтіп кететіндей көп заряд жиналады.)

Дақылды өсімдіктер пісе отырып ағарады. Неліктен?

 (хлорофилдің жасалуы тоқтайды).

IV. Үйге тапсырма:  6 – тарауды қайталау.

V. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.

тег: физика
0
3

Комментарии (0)