«Оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту» тақырыбындағы коучингтің жоспары
Коучинг-сессияның тақырыбы
«Оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту»
Мақсаты
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі диалогтық оқытудың талдау құралдары туралы мұғалімдердің білімдерін жетілдіру.
Міндеттері
1.Диалогтық оқыту туралы түсінігін кеңейту;
2.Диалогтық оқытудағы әдіс-тәсілдерді қарастыру;
3.Осы әдістерді мұғалімдердің тәжірибеде қолдануға тарту.
Оқытудағы күтілетін нәтиже
Мұғалімдер диалогтық оқыту туралы түсінігі қалыптасады, тәжірибеде әңгіменің зерттеу түрлерін қолдана біледі, сыныпта әңгіменің тиімді ұстанымдары жайлы түсінеді.
Негізгі түйіндер
Диалогтық оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірден-бір тиімді стратегиялардың бірі.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтық оқытудың балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлеу әрекеті. Әңгімелесу – зерттеушілік, әңгіме-дебат және кумулятивті әңгіме.
Тренинг жаттығу
Коучингке қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға тұрады. Коуч оларға бір-бірімен амандасуды сұрайды:
Сіз көршіңізді кездестірдіңіз.
Сіз әріптесіңізді кездестірдіңіз.
Сіз құрбыңызды (досыңызды) кездестірдіңіз.
Сіз ата-анаңызды кездестірдіңіз.
Тренинг жаттығу
Коучингке қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға тұрады. Коуч оларға бір-бірімен амандасуды сұрайды:
Сіз көршіңізді кездестірдіңіз.
Сіз әріптесіңізді кездестірдіңіз.
Сіз құрбыңызды (досыңызды) кездестірдіңіз.
Сіз ата-анаңызды кездестірдіңіз.
Топқа бөлу
Әрбір қатысушы 1 карточкадан алып, карточкадағы жазылған сөзге сәйкес үстелдерге барып отырады. Топқа құрылған соң коуч әзілдің сәуегейліктерін оқып береді.
5 минут
Кіру тапсырмасы
Коучтің сұрақтары:
-Сіздер не көрдіңіздер?
-Бұл бейнежазбалар мен тұсаукесерлер бір-бірінен немен ерекшеленеді?
Бейнежазбаны көру
«Егіздер» - 1 минута
«Құдаймен тілдесу» - 6 минут
Тұсаукесер «Зерттеушілік әңгіме»
Теориялық бөлім
Тұсаукесер «Диалогтық оқыту»
Тапсырмалардың түрлері
Берілген тапсырмаларды орындау кезіндегі тәсілдер мен іс-әрекеттер
Уақыты
Тапсырма №1
Тақырыппен жұмыс («Диалогттық іс-әрекеттің қатынасы» ресурсы)
Әр топқа «Диалогттық іс-әрекеттің қатынасы» атты таратпа ресурсы таратылады. Ресурсты мұқият оқып шығып, мына сұрақтарға жауап береді:
1. Сіз өз сабағыңызда оқушылармен жұмыс істеу барысында диалогтық іс-әрекеттерді қаншалықты қолданатыңыз туралы ойландыңыз ба?
2. Сіз өз іс-тәжірибеңізде жай және күрделі сұрақтардың құрамдарын қолданасыз ба? Мысал келтіріңіз.
3. Әр түрлі деңгейдегі оқушыларға қаншалықты сұрақтарды саралайсыз?
10 минут
Тапсырма №2
Кестені толтыру
«Белсенді және белсенді емес сынып». Постерге жасау.
І топ – белсенді сыныпқа ортақ сипаттама
ІІ топ – белсенді емес сыныпқа ортақ сипаттама
ІІІ топ – критериалды бағалауды өздері анықтай отырып, әріптестерінің жауаптарын бағалайтын экспертті топ
10 минут
Тапсырма №3
Диалогтық оқытудың талқылау құралдары.
Топпен жұмыс. Әр топқа диалогтық оқытудың талқылау құралдарының сипаттамасы жазылған ресурстар таратылады.
Тапсырма: Танысу және нақты мысалмен көрсете отырып, мына сұраққа жауап беру керек: Берілген талқылау құралдар арқылы оқушыда не дамиды?
І топ: «Уақыт шеңбері»
ІІ топ: «Жұптық әңгіме»
ІІІ топ: «Радиоға қоңырау шалу»
15 минут
Коучтің сұрақтары:
1. Сұрақтарды құрастыру қиын болды ма?
2. Берілген сұрақтардың қайсысында оқушының ойлауы, сөздік қоры дамиды?
5 минут
Рефлексия
Магниттік тақтадағы «Бағалау терезесі»
Тақтаға «Бағалау терезесі» ілінеді. Әрбір коучингке қатысушылар төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы стикерге кестені толтырады.
1.Коучинг-сессиядан өзіңізге қандай пайдалы ақпарат алдыңыз?
2.Коучингтен кейін өзіңіздің іс-тәжірибеңізде «Диалогтық оқытудың» талдау құралдарын қолданасыз ба?
5 минут
Ресурстар
Таратпа материалдар, тұсаукесер, постер, бағалау парағы, стикерлер, бейнежазбалар.
«Оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту» әдісін іске асырудағы коучинг бойынша рефлексивтік есеп
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің таяу жылдары елімізде 100 мектеп пен 100 аурухана салу жөніндегі тегеруінді тапсырмасының шапағатымен шаңырақ көтерген жаңа үлгімен, күмбездеп салынған үш қабатты мектеп 2008 жылы желтоқсанда оқушыларға есігін ашты.
Мен, Сәтбаев қаласының «№15 жалпы орта білім беретін мектебінде» жұмыс істеймін. Мектеп аралас мектеп түріне жатады. Жалпы 76 педагог маман жұмыс атқарады,Менің коучингім «Оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту» тақырыбында өтті. Бұл тақырыпты таңдауда кіріспе коучингте мұғалімдердің қажеттілік деңгейін анықтау мақсатында сауалнама өткіздім.
32 мұғалім қатысты және сауалнама нәтижесі бойынша 12 мұғалім диалогтық оқытуды таңдап, барлық қатысушылардан алғанда 32% ,1 мұғалім (3%) талантты және дарынды балаларды оқытуды және 13(40%) мұғалім –сыни тұрғыдан ойлауды оқыту модулін, 2(6%)-инклюзивті оқыту, 4 (13%)-оқыту мен оқудағы бағалауды таңдағанын көрсетті.
Коучинг нәтижесі бойынша мұғалімдер диалогтық оқыту әдістерін біліп шығу керек. Коучингте «Егіздер», «Алламен әңгіме» бейнероликтер көрсетіліп, «Зерттеу әңгімесі» , «Диалогтық оқыту» көрсетілімдер көрсетіліп, талқыланды. Мұғалімдерге «Диалогтық оқыту» ресурсы бойынша сұрақтарға жауап беру ұсынылды.
Мұғалімдер сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып, диалогтық оқыту әдісі бойынша ойларын білдірді. Талқылаудан кейін әріптестерге белсенді және баяу сыныптарға тән қасиеттерді анықтап постерге салып көрсету ұсынылды.
Бірінші топ белсенді сыныпқа тән белгілерді, екінші топ баяу сыныпқа тән белгілерді және үшінші топ –эксперттік топ критерийлер бойынша әріптестерінің жауабына баға берді.
Постер қорғалып болғаннан кейін қатысушыларға диалогтық оқыту әдістерімен танысу ұсынылды. Әр топқа диалогтық оқыту әдісі көрсетілген мәтін берілді. Мұғалімдер мәтінмен танысып, келесі сұрақтарға жауап беруі керек: Бұл әдіс оқушыларда нені дамытады? Тапсырманы орындау уақытында оқушылар қызығушылықпен жұмыс жасап, жауаптарын нақты мысалдармен келтірді. Талқылаудан кейін қатысушылар стикерлер толтырып, «Бағалау терезесіне» жапсыруы керек, коучингтің барлық қатысушылары стикерлерін «Тез қолдана аламын» қатарына жапсырды. Коучинг тақырыбы мұғалімдердің сұраныстарына сәйкес болғандықтан, қызықты өтті және мұғалімдер талқылауда белсенді қатысып, өз ойларымен тәжірибелерімен бөлісті. Коучигте өзара әрекет жасау, жұмыла жұмыс жасау атмосферасы қалыптасты.
Коучинг кезінде мұғалімдер диалогтық оқыту туралы, оның әдіс тәлілдері туралы білді, оны рефлексивтік парақтардан көруге болады: «Бәрі қызық болды!, Рахмет!, Әңгімелесу кезінде өзіме көп жаңалықтар алдым!, Бұл мен үшін жаңалық!»
Өткен коучингті талдай отырып , жұмысымда не сәтсіз шықты деп ойландым, байқағаным бастаушы коуч ретінде менің тәжірибемнің аздығын байқадым, әңгімелесу кезінде әріптестеріме сұрақ қою, ашық әңгімеге тартуым сәтті шықса да, коучингті өткізу әдістері жеткіліксіз. Сондықтан коучинг кезінде әріптестеріме ой тастауға арналған бағыттаушы сұрақтар қоюды үйреніп, қажетті әдебиеттерді оқып үйренуім қажет.
Коучингті жоспарлағанда мұғалімдермен жұмыс жасау ережесін құру керектігін есепке алмадым, сондықтан мұғалімдер тапсырма орындау кезінде бірін-бірі тыңдауды ұмытып кетіп отырды.
пайдалы кеңестеріңізге рахмет
Рахмет.
Өте пайдалы.